Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға



Pdf көрінісі
бет38/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

3-параграф. Сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға 
арналған арнайы мектептер қызметінің тәртібі


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
70. Сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға арналған 
арнайы мектепке/сыныпқа төмендегі балалар қабылданады:
1) 1-2 деңгейдегі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, оның ішінде алалия
афазия, дизартрия (анартрия) бар;
2) ринолалия, ринофония, ауыр дәрежедегі тұтығу, жазбаша сөйлеу тілінің 
ауыр түрдегі бұзылыстары (аграфия, дисграфия, алексия, дислексия) бар;
3) балалар аутизмі және аутистік спектрдегі бұзылыстармен қабаттасқан 1-2 
деңгейдегі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (бір сыныпта аутистік спектрдегі 
бұзылыстары бар екі баладан артық емес);
4) кохлеарлық импланты бар.
71. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы шарттары:
1) сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан 
тыс уақытта логопедтік көмек көрсету;
2) қарым-қатынасы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға психологиялық 
көмек көрсету;
3) білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, екінші 
және үшінші тілді үйрену.
4-параграф. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға 
арналған арнайы мектептер қызметінің тәртібі
72. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы 
мектепке/сыныпқа төмендегі балалар қабылданады:
1) өз бетінше қозғалып, жеке қолдауды талап етпейтіндер;
2) арнайы жүріп-тұру құралдары және (немесе) техникалық орын толтыру 
(қосалқы) құралдарының көмегімен қозғалатындар;
3) өз бетімен жүре алмайтындар.
73. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларды оқытудың 
арнайы шарттары ретінде төмендегі жағдайлар болып табылады:


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) кедергісіз орта құрып, әмбебап дизайн жасау: пандустар, кең жақтауы бар 
есіктер, мүгедектер арбасын көтергіштер, баспалдақтар бойымен құрылатын 
көтергіштер, автоматты түрде ашылатын есіктер және т.б.;
2) арнайы ұйымдастырылған қозғалыс режимін сақтау;
3) зердесі, сөйлеу тілі, мінез-құлығы және қарым-қатынас барысында 
бұзылыстары болған кезде арнайы педагогикалық, логопедтік және 
психологиялық көмек көрсету;
4) топтар бойынша емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу: өздігінен 
жүретіндер, жеке қолдауды талап етпейтіндер; қозғалыс белсенділігі орташа 
түрде шектелген; қимыл-қозғалысында бұзылыстары айқын (ауыр) (ата-аналары 
не заңды өкілдерімен бірлесіп айналысады);
5) арнайы жабдықталған кабинеттерде физиотерапиялық ем-шаралар, 
уқалау, ортопедиялық жұмысты қамтамасыз ету; материалдық-техникалық базасы 
болған жағдайда: емдік жүзу, атпен жүру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет