Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Оңалту орталықтары қызметінің тәртібі



Pdf көрінісі
бет43/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
5-тарау. Оңалту орталықтары қызметінің тәртібі


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
162. Оңалту орталығы (бұдан әрі – Орталық) жеке, топтық және кіші топтық 
сабақтар нысанында жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске 
асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.
163. Орталық басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды 
қоспағанда, туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында кемістігі бар 
балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық-педагогикалық және 
медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді.
164. Орталық білім беру ұйымдарының мамандарына мүмкіндігі шектеулі 
балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша консультативтік 
және әдістемелік көмек көрсетеді.
165. Орталық басқармасы дара басшылық және алқалық басқару 
қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, 
әдістемелік кеңестер болып табылады.
166. Орталықты басқаруды басшы (меңгеруші) жүзеге асырады.
167. Орталықтың қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті 
білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.
168. Орталыққа мүмкіндігі шектеулі балалар ПМПК қорытындысы мен 
ұсынымдары негізінде және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен 
қабылданады.
169. Орталыққа туғаннан бастап үш жасқа дейінгі ерте жастағы 
мүмкіндіктері шектеулі балалар, сондай-ақ ауыр және күрделі бұзылулары бар 
балалар басым тәртіппен қабылданады.
170. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау 
және медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсету бір сабақ циклына жасалатын 
оңалту орталығы мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы шарт негізінде 
реттеледі.
171. Орталықта балаларға көмек көрсету ұзақтығы № 223 бұйрығына сәйкес 
айқындалады және 3 айдан 12 айға дейін болуы мүмкін.
172. Бала Орталыққа түскен кезде оның ерекшеліктерін, сондай-ақ 
пәнаралық командалық бағалау жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында баланы 
психологиялық-педагогикалық зерделеу жүргізіледі. Баланың дамуын пәнаралық 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
командалық бағалау осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес көрсеткіштер бойынша 
тағайындалады.
Баланың психофизикалық дамуын пәнаралық командалық және жеке 
бағалау ерекше білім беру қажеттіліктерін, түзету-дамытушылық оқытудың 
негізгі бағыттарын анықтау және психологиялық-педагогикалық көмектің тиімді 
әдістерін таңдау мақсатында жүргізіледі.
173. Мүмкіндіктері шектеулі баланың психикалық-дене дамуын бағалауды 
арнайы педагог (дефектолог) жүзеге асырады: олигофренопедагог, сурдопедагог, 
тифлопедагог; мұғалім-логопед, педагог-психолог, ЕДШ нұсқаушысы және
/немесе дене шынықтыру мұғалімі, дәрігер-реабилитолог, әлеуметтік педагог.
174 . Командалық және жеке бағалау нәтижелерінің негізінде балаға көмек 
пен қызмет көрсету көлемі, сабақтың ұзақтығы белгіленеді, баланың жеке-дамыту 
бағдарламасы (бұдан әрі – ЖДБ) әзірленеді.
175. Орталықта түзету-дамыту процесін ұйымдастыру осы Ереженің 5-
қосымшасына сәйкес түзету сабақтарының жоспарымен, жеке-дамыту 
бағдарламалары мен сабақ кестесімен реттеледі. Сабақ кестесінде түзету-дамыту 
сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
Орталықта психологиялық-педагогикалық дамыту көмегін: арнайы педагог 
(дефектолог): олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог; мұғалім-логопед 
(логопед), педагог-психолог (психолог) жүзеге асырады.
Арнайы педагогтар, логопед-мұғалім және психолог баланың дамуына 
психологиялық-педагогикалық бағалау жүргізеді, ЖДБ жасайды, психологиялық-
педагогикалық дамытушылық көмек көрсетеді және дамыту, оқыту және 
тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес береді.
Әлеуметтік мұғалім мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім беру 
қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ 
отбасына көмек бағдарламаларын жасауға қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-
құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтер, мүгедек 
балаларды оңалтудың техникалық және өзге де көмекші құралдарын алу бойынша 
консультация береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық 
және өзге де бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе 
топтық сабақтар өткізеді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Әдіскер психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын, нысандарын, 
әдістерін анықтауда әдістемелік көмек көрсетеді, командалық және жеке 
бағалауды ұйымдастыру, ЖДБ және отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеу 
бойынша мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Музыкалық жетекші балалармен топтық және / немесе жеке музыкалық 
дамыту сабақтарын өткізеді. Жеке сабақтарды өткізу кезінде музыкалық жетекші 
ЖДБ жасайды және музыкалық терапия әдістерін қолдана отырып, балаларға 
дамтушылық көмек көрсетеді. Музыкалық терапия бойынша жеке сабақтар 
пәнаралық командалық бағалау ұсынысы бойынша өткізіледі.
Тіркеуші мүмкіндігі шектеулі баланың құжаттарын тіркейді және оларды 
психологиялық-педагогикалық көмек алу үшін жүгінген орталық басшысына 
береді. Мамандарды жұмысқа қажетті материалдармен қамтамасыз етеді (жеке-
дамыту бағдарламалары, сабаққа қатысу табельдері, ведомостьтар және т.б.).
176. ОО-да медициналық көмекті:
1) дәрігер-невропатолог;
2) дәрігер-реабилитолог;
3) медбике-массажист;
4) ЕДШ нұсқаушысы жүзеге асырады.
Медициналық көмек дәрі-дәрмекпен емдеу, шынығу, емдік дене 
шынықтыру, массаж түрінде көрсетіледі. Массажға жіберілген мүмкіндігі 
шектеулі балаларды алғашқы тексеруді дәрігер-невропатолог жүзеге асырады. 
ЕДШ-ға жіберілген мүмкіндіктері шектеулі балаларды бастапқы тексеруді 
оңалтушы дәрігер жүзеге асырады, ол ЕДШ нұсқаушыларының өткізілетін іс-
шараларының стратегиясын айқындайды. Емдік дене шынықтырумен айналысу 
жерде залда және бассейнде (бар болса) жүргізіледі.
Дәрігер-реабилитолог тірек-қимыл аппаратыныңы бұзылыыымы бар және 
қозғалысы дамуының бұзылысы бар балаларға арналған жеке-дамыту 
бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді, емдік дене шынықтыру 
құралдары мен әдістерін пайдалану реттілігін анықтайды, техникалық және өзге 
де қосымша оңалту құралдарын іріктеуді жүзеге асырады.
ЕДШ нұсқаушысы және / немесе дене шынықтыру мұғалімі баланың 
физикалық дамуына бағалау жүргізеді, моториканы қалыптастыру бойынша ЖДБ 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
құрастырады, дамытушылық көмек көрсетеді және отбасына денені дамыту 
мәселелері бойынша кеңес береді.
177. Орталықтың мамандары кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде 
мүмкіндіктері шектеулі баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін сақтай 
отырып, психологиялық-педагогикалық әдістерді, тәрбие-білім беру және түзету-
дамыту процесін ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын таңдауда еркін болады.
178. Орталықтың штаттық құрамы өтініш берген балалардың саны және 
олардың әр түрлі мамандардың қызметтеріне қажеттілігі негізінде 
қалыптастырылады.
179. Түзеу-дамыту көмегі мынадай нысанда ұсынылады:
1) жеке;
2) шағын топ/топ;
3) аз мерзімді болу топтары;
4) мүмкіндіктері шектеулі баланың отбасына психологиялық-педагогикалық 
консультация беру;
5) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультация беру;
6) отбасылық консультация беру.
Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету нысаны (жеке, шағын 
топтық, топтық түзету-дамыту сабақтары) баланың психикалық-дене жағдайы 
мен мінез-құлқының ерекшеліктерімен, пәнаралық командалық бағалау 
мамандарының ұсыныстарымен анықталады.
180. Оқытудың мазмұны Құжаттардың тізбесімен бекітіліген 2-қосымшаға 
сәйкес нысан бойынша орталық басшысы бекітетін жеке-дамыту 
бағдарламасымен айқындалады.
ЖДБ пәнаралық командалық бағалау ұсыныстарының негізінде әзірленеді 
және баланың психикалық дамуының барлық аспектілерін қамтиды.
181. 0-ден 1 жасқа дейінгі балаларға бекітілген кестеге сәйкес ата-аналар 
үшін айына 1-2 рет консультациялық сабақтар ұйымдастырылады. Ерте жастағы 
балалар үшін (1-3 жас) ата-аналардың қатысуымен жеке және топтық сабақтар 
өткізіледі.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
182. Орталыққа апта сайын келу мүмкіндігі жоқ ата-аналардың сұратуы 
бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту форматында 
түзете-дамыта оқыту циклын жүргізуге жол беріледі.
183. Орталықта үй-жайлар болған кезде балалардың күндізгі, аз мерзімді 
болу топтары, ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттер 
құрылады.
184. Күндізгі және қысқа мерзімді топтар жағдайында мүмкіндігі шектеулі 
балаларды оқыту мен тәрбиелеу МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары және «үлгілік 
оқу бағдарламалары бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
185. Топтар балалардың психикалық-дене даму деңгейін және мінез-құлық 
ерекшеліктерін ескере отырып, бір жастағы немесе әртүрлі жастағы айқындама 
бойынша жинақталады.
186. Топтардың толықтырылуы Қазақстан Республикасы Санитариялық 
қағидаларға сәйкес балалардың санаты мен жасына байланысты белгіленеді.
187. Психологиялық-педагогикалық көмек, оқыту мен тәрбиелеу 
Жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау және олардың нормаларына сәйкес 
арнайы әдістер мен қазіргі заманғы оқыту технологияларын, сондай-ақ арнайы 
жабдықтарды қолдана отырып, балалардың психофизикалық ерекшеліктері 
ескеріле отырып жүзеге асырылады.
188. Педагогтер (арнайы педагог (дефектолог) үшін нормативтік оқу 
жүктемесі: олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог; мұғалім-логопед, 
педагог-психолог, дене шынықтыру мұғалімі, музыка қызметкері), ЕДШ 
нұсқаушысы үшін аптасына 18 сағатты, күндізгі және қысқа мерзімді топтардың 
тәрбиешілері үшін – 25 сағатты; басшы, әдіскер, әлеуметтік педагог, медицина 
қызметкерлері, тіркеуші үшін-30 сағатты құрайды.
189. Оңалту орталығына баруға жалпы медициналық қарсы көрсетілімдер::
1) декомпенсация сатысындағы соматикалық аурулар;
2) асқынған инфекциялық аурулар;
3) созылмалы ерекше емес аурулар (туберкулез және т. б.);)
190. Жеке сабақтарға медициналық қарсы көрсетілімдер:


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) емге төзімді жиілікке қарамастан құрысудың үлкен ұстамалары;
2) әр түрлі генездегі айқын энцефалопатиялық және психопат тәрізді мінез-
құлық бұзылыстары (емдеу кезеңінде).
191. Топтық сабақтарға медициналық қарсы көрсетілімдер:
1) айына 1 және одан да көп рет жиілігі бар эпилепсияның үлкен 
ұстамалары және аптасына 2-3 және одан да көп рет жиілігі бар шағын немесе 
тырыспайтын ұстамалар;
2) әртүрлі генездегі энцефалопатиялық және психопат тәрізді мінез-
құлықтың бұзылуы (емдеу кезеңінде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет