Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік



Pdf көрінісі
бет23/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының 41-бабына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді 
және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымы) 
қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы үлгілік Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім 
алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім 
алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей 
отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың 
міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
2) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны
3) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын оқу орны;
4) училище – мәдениет саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық 
және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын 
іске асыратын оқу орны.
5) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта 
буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3. Техникалық және кәсіптік білім «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, 
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 
тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), (бұдан әрі – Станндарт) 
техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына сәйкес негізгі орта және (немесе) жалпы орта, техникалық және 
кәсіптік білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары 
колледждерде жүзеге асырылады.
4. ТжКБ ұйымдарының түрлері «Білім беру ұйымдары түрлерінің 
номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық 
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) сәйкес 
айқындалады.
5. ТжКБ ұйымдарының міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік 
қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін 
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына 
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық 
дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген 
көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, 
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу 
қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын 
қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ және 
республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен 
дәстүрлерін зерделеу; қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының дербестігін, дербестігін кеңейту, білім беруді 
басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру 
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін 
қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, 
оның ішінде кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу 
және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының 
қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге 
білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша 
пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
11) білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау;
12) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді 
өзара іс-қимыл жасау арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық 
дамуын қамтамасыз ету;
14) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы 
жағдайлар жасау болып табылады.
6. ТжКБ ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының 
Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға және 
ТжКБ ұйымдарының жарғыларына сәйкес «Білім туралы» Заңның 41-
бабына сәйкес жүзеге асырады.
7. ТжКБ ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін 
заңды тұлғалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет