2 Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту әдістері және ұйымдастыру әдістемесі 2.1 Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгертудің тиімді әдістері
Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компоненті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасасақ :
Оқушылардың біліп-тану үрдісінің сипатына қарай М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернердің классификациясы бойынша оқыту әдістерінің жүйесі 5 түрге бөлінеді: түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық, эвристикалық, зерттеушілік әдістер.
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерін информациялық, орындаушылық, түсіндірушілік, репродуктивтік, нұсқаулық-практикалық, нәтижелі-практикалық, түсіндірмелі-оятушылық, ойланушылық, жартылай ізденушілік, ізденушілік әдістер деп 10 түрге бөлді.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Данилов пен Б.П.Есиповтың классификациясы бойынша оқыту әдістері 4 компоненттен тұрады: білім алу әдісі; оқушылардың ебдейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; олардың алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану; әрбір жас жеткіншектердің білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын тексеру мен бекіту әдісі. Оқу процесін оптималдандыру принципі бойынша (Ю.К.Бабанский) оқыту әдістері беске бөлінеді: сөзбен түсіндіру, көрнекілік, практикалық, репродуктивтік, ізденушілік әдістері.
Келешекте оқыту әдістерінің жүйелерін зерттеп, оның қандай бір жаңа түрлерін табуға ұмтылғанда, атақты дидактик Я.А.Коменскийдің айтқан мынадай көргендік ойын әрқашан басшылыққа алған жөн: қандай әдісті ойлап шығарсақ та, ол педагогтардың аз үйретіп, оқушылардың өздерінің көп оқуына жағдай туғызатын болуы керек, сонда мектепте сөз бен нәтижесіз еңбек аз болып, оқушы жастардың бос уақыты, қуанышы, тартымды табысы молаяды; бұл біздің педагогиканың негізі болып қалсын (Я.А.Коменский. Великая дидактика. Избр. Педаг. Соч.,М., 1955, Учпедгиз, стр. 218).
Педагогикалық технологияға талдау жасай келе, оқыту
технологиясының негізгі параметрлері ерекшеленеді.
1. Оқыту іс-әрекет теориясы, барлық технологияларды психологиялық негізі ретінде қарастырылады. Оқу танымдық әрекеттің толық циклінің қажетті үрдісін іске асыруға бағытталған, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерінің түрлері бөлініп шығады. Олар: қабылдау, ойлау, еске сақтау, қолдану, жалпылау, жаңа информацияны жүйелеу. Осы шаралардың тізбектей орындалуы қойылған мақсатқа жетелейді. .
2. Диагностикалық мақсат қою. Педагогикалық технология ұсынып отырған, іс-әрекет ықпалы мен оқыту мақсатында жобалау тәсілі. Оқушының ісімен көрінетін оқыту мақсатында жобалау тәсілі. Оқушының ісімен көрінетін оқыту нәтижесі қалыптастырылады.
3. Оқу үрдісінде технологиялық оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, әр түрлі деңгейлі оқытуды жүзеге асырады.
4. Оқушының өзіндік іс-әрекет жасауын ұйымдастыру. Сонымен оқытудың барлық жаңа технологиялары оқушының өзіндік оқи білуін үйретуге бағытталған.
Белгілі оқыту технологиялары жоғарыда айтылған бір-екеуімен ғана шектеледі.
Ғылым мен техникалық прогрестің бүкіләлемдік деңгейде ғарыштап алға басуы, сондай-ақ қоғамдағы соңғы өзгерістер барлық елдерде де білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер негізуді қажет етеді. Жаңа өзгерістерді енгізе отырып, оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы, оқушылар білімін жетілдіру бүгінгі күннің басты проблемасы болып отыр.
Ж.Қараев оқыту технологиясының негізгі төрт деңгейін атап көрсетеді:
1. оқытушылық
2. алгоритмдік
3. эвристикалық
4. шығармашылық
Мұндағы, 3-деңгейді меңгерген оқушының білімі білім стандартына сәйкес келеді, ал 4-деңгейде дарынды оқушылармен жұмыс болып табылады
Алдында отырған оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.
Сондықтан профессор Ж.Қараев насихаттап жүрген жаңа оқыту технологиясын соңғы жылдары мектеп өміріне толық енді.