1.2. Педагог даярлау проблемасы туралы ой - пікірлері
Ұлы ағартушылар қоғамның бірлігін қамтамасыз ететін іс әрекеттерді жақсы түсінген. Олардың басқа адамдардан ерекшелігі болашақты, қазіргіні, өткенді түсініп, тарихи жағдайларды еске түсіріп, болашақ үшін алаңдауында. Өз миссиясын түсініп, ғасырлар бойы сақтап, халық мұғалімі образын қалыптастырған әл-Фараби әділеттілікке деген сүйіспеншілікке, зұлымдыққа деген өшпенділікке негізделген дінге, халыққа қызмет ету кодексін құрған. Дінге қызмет етуде қорқыныш пен үрей болмау керек. Осындай ой А. Сүйінбай творчествосында да арын алады: "Халықтың қалаулысы өзінің жылуымен өзгені де жылытады ".
XIX ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, X. Досмұхамедовтың еңбектерінде қазақтың ұлттық мектебін жасау оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған болашақ мұғалімдерді дайындау проблемалары нақты қойылып, оларды шешу жолдары көрсетілген.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты азаматтары", деп А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың, X. Досмүхамедовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім - тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт-санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа ұлтттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары, мұғалімдері және болашақ мұғалімдерге арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
Енді сол қазақ ағартушы - педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған болашақ мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлеріне тоқталып, Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. Ол "барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына мектеп, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді", - дейді профессор С.Қалиев.
А. Байтұрсынов "Мектеп керектері" деген мақаласында " ... ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. құралсыз іс істелмейді һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгілі я мерзімді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс-солпы я артық, я кем шықпақшы ... " - деп оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді.
М.Жұмабаевтың "Педагогика" атты еңбегі - қазақ топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Ол мектеп мұғалімдері мен педагогтік оқу орындарының тыңдаушыларына оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлау мақсатында жазылған дүние. Оқулықты ол "Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі", - деп, соған арнаған.
Ж. Аймауытовтың "Тәрбиеге жетекші" атты оқу құралында оқу мен оқыту ұғымдарына қатысты ереже-шарттар, мектептегі шешуші тұлға -мұғалімнің орны мен беделі, оның әдіс - тәсілдері кең көлемде сөз болады.
Әсіресе, әрбір мұғалім бойында өз ісіне, еңбегі мен мамандығына деген жоғары жауапкершілік пен терең сезім, өтілген және жаңа тақырып арасындағы байланыстың болуы, оқушы қабілеті мен зейінін жаңа сабаққа аударып, қызықты тәжірибе салыстыруларға бару, көрнекілікке соны дерекке назар аудару талап өтіледі. Ең негізгісі, мұғалімге оқушылар сеніп тапсырылған соң одан адамдық қасиеттер, ізгілік иірімдері, маңыздысы -білім нәрінің сыр - сипаттары талап етіледі. Қазақ топырағында тәрбиеші ұстаз.
Мұғалімдік өнер жөніндегі небір жүрек тебірентерлік тың ойлар, аталы сөздерде Алтынсарин аузынан бірінші естілген еді. Ыбырай да орыс елінің педагог - ғұламалары сияқты мұғалімнің оқу - тәрбие процесіндегі рөліне айрықша маңыз берді, мектеп ісінің сан - саласындағы етістіктерді мұғалімнің білімі мен өнерінде, беделі мен өз жұмысын сүйе - білуіне байланысты деп дұрыс түсінді. Халық мектептері үшін ең керектісі тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды ... қазақ мектептерінің келешегі, көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты болады. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін" - деп жазды ол. Оның бұл айтқандары Добролюбов, Чернышевский, мұғалім жайында айтқан - заңдарымен тамаша үндесіп жатыр.
Сондай-ақ осы ғасыр басындағы зиялыларының педагогикалық көзқарастарының негізгі идеясы - дамыта оқыту, ұстаз шеберлігін шыңдау мәселелері болғанына да назар аударғанымыз жөн.
XIX ғасырда Қазақстанда интеллегенция қалыптасты. Олардың қызметі ағартушылықпен ғана шектелмей, білім беруге де бағытталған. ¥лы Абай "кітапқа қызығатын адам тән тазалығын ойлап, сонан кейін өзін халыққа қызмет етуге арнау керек", - деп айтып кеткен. Адам өмірінде ең маңыздысы - тән сапалары, адамды жетелейтін оның мейірімді жүрегі мен таза жаны, сонда оның еңбегі де жанып, берекеге кеңеледі. Отыз екінші сөзінде Абай шындыққа көзің жетсе, одан өлім алдында да бас тартпа дейді. Шәкәрім Құдайбердиевтің айтуы бойынша, адам өз жанының құпияларын шешпей, риясыз бола алмайды. Рухани қызығушылығы мол адам біреуге қиянат жасамайды. Адал, саналы адам зұлымдық, эгоизм, мақтаншақтық, зорлық атаулыға қарсы болады. Таза жүрек, адал еңбек, парасатты ой адамдардың өмірін нұрландырып, адамның өзін де жетілдіреді. Бұл қасиеттер адамның бойында орын алмаса, адамзат тыныштықта өмір сүре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |