Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет2/10
Дата25.11.2023
өлшемі87,17 Kb.
#127243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мансур Аяна

КІРІСПЕ

4

1

Проблемалық оқытудың ерекшеліктері



5

1.1

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаты

5

1.2

Проблемалық оқытудағы педагог туралы ой-пікірлері

8

2

Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту әдістері және ұйымдастыру әдістемесі

14

2.1

Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгертудің тиімді әдістері

14

2.2

Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі

18




ҚОРЫТЫНДЫ

22




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

23


КІРІСПЕ


Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе - жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді яғни, болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі - проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект - объект - субъект» қарым - қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет