Тірек логикалық конспектілерді пайдалану
Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі.
Негізінде орташа оқитын оқушыларға өте қолайлы деп есептеймін: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.
Оқушылардың құзыреттіліктері дамиды. Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникатвтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда елімізде әдеби мұраларды насихаттау жаңа сипат алуда. Бұл салада көптеген жұмыстар жүргізілуде: халқымыздың тарихы, әдеби-мұралары жөнінде дерек беретін ғылыми - деректі газет - журналдарды былай қойғанда, әртүрлі оқулықтар, әдебиеттер көптеп шығуда, ғылыми көпшілік теледидар, радиохабарлар берілуде, әртүрлі оқу фильмдері, электронды оқулықтар жасалуда, оқушылардың компьютерлік-интернепік мәліметтерді таңдап тауып, ізденіс әрекеттерін меңгеруіне жағдай жасалуда. Осылардың ішінен әдебиет пәні бойынша тиісті сыныптарда әр тақырып бойынша берілетін білімінің даму мүмкіндігімен сабақтас, мазмұндас келетін деректерді оқушылардың өздігінен саралап, іріктеп таңдай білуі үшін әдебиетпен берілетін білім мазмұнының жуық аймақтардағы даму мүмкіндігі, олар бойынша ізденіс жұмыстарының түрлері жөнінде оқушыларға бағыт - бағдар беріп отыру орынды.
Бұндай жұмыс оқушылардың өзіндік іздену, зерттеу, болжамдау, ой дүниесін қорытындылау, дәлелдеу сияқты әрекеттерін жеңілдеткен болар еді.
Қорыта келгенде, әдебиеттің оқу сабақтарын проблемалық тұрғыда ұйымдастырудың жолдары мыналар:
1. Әдеби шығармалардың идеясын, көркемдік ерекшеліктерін танытуда оқушылардың салыстыру, айқындау, қорыту, жүйелеу, топтау, абстракциялау сияқты әр алуан аналитика - синтетикалық ақыл-ой танымдық әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру.
2. Әдеби шығармаларды талдауда әдебиеттану ғылымын зерттеудің әдіс тәсілдерін үйрету.
3. Ақын - жазушылардың өмірі мен шығармашылығын қоғамдық -әлеуметтік, тарихи деректі сипатта баяндау.
Достарыңызбен бөлісу: |