Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы



бет3/10
Дата25.11.2023
өлшемі87,17 Kb.
#127243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мансур Аяна

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарының әдістемесі ұсынылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту әдістерін іріктеу, тиімді түрлерін ұсыну.
-жаратылыстану ғылымдарының ішкі құрылымы мен ғылыми интеграциялық сипатына талдама жасау;
-жаратылыс заңдылықтарының жалпы мазмұны мен бірлігін мазмұндап талдау жасау;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгертудің тиімді әдістерін жинақтау, іріктеу;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу нысаны мен әдістері: психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жұмыс бойында зерттеліп, жинақталған материалдары әдіскерлер мен студенттер үшін құнды материалдар бола алады.
Курстық жұмыстың (жобаның) көлемі мен құрылымы. 2 тарау, 23 бет


1 Проблемалық оқытудың ерекшеліктері


1.1 Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары
Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастыруын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс - тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады.
Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет» т.б.
Проблемалық жағдай - субьектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Оны оқыту процесінің кез - келген кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
• оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
• оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
• түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
• кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
• мұғалім оқушыларды қарама - қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздерінше қалдырады;
• біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
• сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;
• нақты сұрақтар қояды;
• проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды; . • проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы, проблемалық міндеттердің құрастырылуы - проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
• проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту; • болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
• қорытынды жасау;
• шешілген проблеманың дұрыстығын тек сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсініп алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
• проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;
• әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
• шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
• педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылуы.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін атап өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына - оқушының өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшілігі ағымның - кей кездерде процеске қатысушылардың танымдық -әрекеттерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге болады.
Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз -оқытудың сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ, оқу - ауқымын кеңірек көлемде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын «іске қосатын танымдық үрдіске жетекшілік ететін ғылыми түрде негізделген әдістерді жасау және енгізу қажет.
Оқытудың жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:
• оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни, оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру;
• соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиет қарастырылуы тиіс;
• оқу материалын уақыт параметріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде - оқушылардың зейіні мейлінше белсенді кезеңіне лайықтап беру;
• аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып, өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жасақтау;
• бұрын берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.
Күшейте оқыту үрдісі жеке - психологиялық және ұжымдық -психологиялық факторлардың үйлесімді қарым - қатынасына негізделген.
В. Ф. Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық - педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі.
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны іс-тәжірибесінде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және олардың бүгінгі көрінісін (мысалы, шама жету және ұғынықты болу принципі мен қиындығы өте жоғары деңгейдегі жұмыс принциптерінің ара-қатынасы және т.б.) талқылауға келтіріліп отыр.
Біздіңше В.Ф.Шаталовтың басты еңбегі оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, «Оқыту әдісі дегеніміз оқытушының іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі» деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті (кітапша авторының есебі бойынша әр оқушының бір күнгі әр сабақта 2 минуттан сөйлеуі) әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді. В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан қарағанда автор оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан нақыштай» білген.
В.Ф.Шаталовтың оқушыларының оқу - әрекетінде қандай накты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен мұғалімнің көмегімен түсіндіріп, тыңдау түрінде өтіледі. Автордың атап көрсеткеніндей, мұнда ерекше тұрғыда ұйымдастырылған материалды «блокты қабылдау» жүреді. Сонан соң - мүғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады.
Одан кейін оқу материалы бойынша жасалған «тірек сигналдарымен» қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) творчествалық жұмыс орындау және т.б.
Психологиялық жағынан алғанда бұл мұғалімнің тексті мағыналық түрғыдан өңдеу тәсілдерін қалыптастыруың оқушылардың өздерінің оқу ісін ұйымдастырудағы құралы ретінде тірек сигналдарын пайдалануын, мнемотехникалық тәсілдерді оқушыларда ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамытуды білдіреді. В.Ф.Шаталовтың бақылауынша оқушылар жаңа тексттермен жұмыс істегенде осы әдістерді кеңінен пайдаланатыны есте қаларлық нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет