Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастыру әдістемесін зерттеу, ұсыну. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мына төмендегі міндеттер шешілді:
-тұлғаның заманауи құзыреттіліктермен жетілуіне бағытталған жаңаша оқытуды сипаттау;
-тұлға бойындағы 21-ғасыр дағдыларының мазмұнын анықтау, ашу;
-жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін зерттеу;
-жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу, зерттеу, ұсыну.
Зерттеу нысаны мен әдістері: психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жұмыс бойында зерттеліп, жинақталған материалдары әдіскерлер мен студенттер үшін құнды материалдар бола алады.
Курстық жұмыстың (жобаның) көлемі мен құрылымы. 2 тарау, 24 бет
1 Жаңа қоғам талап еткен азаматтардың қабілеттері мен қасиеттеріне жалпы сипаттама
Жаңа қоғам азаматын тәрбиелеудегі тұлға қабілеттері мен дағдылардың педагогикалық шарттары
Жаңа қоғамның талабының негізі бiлiм, бiлiк, дағдыларға үйретуден, оларды өмiрде қолдана бiлуге баулу көзделдi. Жаңа дәуір талабына сай жүзеге асырылып жатқан жаңартылған оқу бағдарламасының көздеген міндеттерінің бірі тұлғаның 21 ғасырдың дағдыларына негізделген білім беруі болып табылады.
Қазіргі білім беру бағдарламаларының негізгі ұстанымдары жас баланы жеке тұлға деңгейіне жеткізу, яғни жаңа қоғам талап етіп отырған бүткіл қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыруға бағыт алуы болып тұр. Тұлға бойында саналы түрде қоршаған әлемнің компоненттерін, құбылыстары мен процестерін жеке қабылдағанымен, жалпы құрылымын санады тұтас бейнесі түрінде қабылдауына назар салу және ол әлемдегі өзінің орын сайлауы, сол дүниені құрайтын зат, денелермен, құбылыстар мен табиғатта адамның тікелей қатынасын қай дәрежеде болуын түйсіне алуынан тұрады.
Жеке тұлға қалыптасу мен жетілуі қоршаған әлемде табиғат, тіршілік орта мен өзінің өзара қатынасы мен байланысын тұтастық көзқараспен ұғыну мен меңгеруімен шартталады. Осындай процестер барысында балалардың өзіндік түрлі әрекеттерге бағыт алу жағдайына келтіру, міндетті түрде интеграция сипатының мегзеген мақсаты болып саналады. Мұнда алған білім, біліктің деңгейі мен эрудиция шеңбері жайында емес, бағдарлануы еркіндікте, 21 дәуір азаматы ның ерекше позицияда орын алуын қамтамасыз еткен дарынды тұлға, даму сапасының жоғары көрсеткіші жайында болады. Осыған байланысты бастауышта білім берудің жаңа мазмұнының ерекшелік сипаты да осыған саяды, яғни пәндерді кіріктіру арқылы оқытуға жүйеленуі [2].
Тұлға – адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам шоғырлануының көрінісі, дүниені танып, білудің және өзгертудің құқығы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға - әрдайым әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді [3,21б.].
Жаратылыстану курсы баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқып-үйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.
Табиғаттағы обьектілер мен құбылыстарды танып білу деген баланың логикалық ойлауына жол ашатын өте құнды материалдар болып табылады. Осы тұрғыда жаратылысты танып білу кезінде жүргізілетін түрлі әдістер барысында балаға тек білім ғана беріліп қоймай жан-жақты тәрбие беріледі. Әрбір сабақтың оқытудан тәрбиелік мәнді болуы бірінші кезекті, яғни оқу мен тәрбиенің тұтас жүйе екендігі белгілі.
Жаһанданудың елеулі ерекшеліктері қоғамдағы азаматттың саналылығымен тетелесе жеке-дара дағдыларының деңгейін жетілдіруде, дәлірек айтсақ жан-жақты қабілеттерімен саналатын әлем азаматының дәрежесіне көтеру шартымен сәйкестену. Мұнда баланың тұлғалық деңгейге жеткізуді туа біттті және түрлі іс-әрекеттердің, еңбектену нақышында жүре қалыптасудың шарттарына сәйкес қабілеттердің дамуына жұмыс жасау қажет етуде. Бұл әрине жеке бастың қабілетінің сипатына байланысты.
Әдебиет көздеріндегі мәліметтерге қарасақ, дағдылар дегеніміз адамның кейбірінің жасай алмай тұрған әрекеттері мен қимыл қозғалыстарын көрсететіндей болмысындағы қасиеттерінің және ебедейлігінің көрінісі. Ол кез келген іс-әрекеттердің барысында белсенділік көрсетеді, жылдамдығы басқалардан қарағанда жетекшілікке ие боларлықтай жағдайда қабілеттілік қасиетін көрсететіні анық. Дағдылар педагогикалық тұрғыда түрлі іс әрекеттерге үйретуден және баланың туа бітті ынтасының және жүре пайда болған жауапкершілігінің әсерінен қалыптасуы мүмкін. Мұнда адам бойындағы қабілеттілікке де аса басым байланысты.
Дағдылар оқушылардың алған бұрынғы меңгерген академиялық білімдерімен және дағдыларының барысымен шектелуді болдырмауымыз тиіс. Білімді, білікті, дағдыларды жылдам, қиындықсыз игеруі қабілеттердің деңгейіне әрине тәуелді болады. Және тағы бір тұсы бар бұл дағдылардың қалыптасуы қабілеттерінің дамуымен ықпалдасады.
Дағдылардың мәселесін зерттеушілер көптеп кездеседі. Аталмыш еңбектерінің мазмұнын келтіре кетсек. Алғаш қабілеттердің мәселесінің сипатын зерттеген С.Л.Рубинштейн болған, яғни оның айтуынша, іс-әрекеттердің қабілеттілікті дамытуына әсерін келтіріп зерттеген. Мұнан кейін ғана бала қабілеттерінің тек әрекет үстінде ғана дамитындығына арналған теория қалыптастырған. А.Н.Леонтьевтің айтуынша қабілеттерді әлеуметтік жағдайлар да шешуші рөлінің бар екендігін айтады [4,58б.].
Ендеше еліміздегі өресі кең тұлға дайындау талабына сәйкес жаңартылған оқу бағдарламасының парадигмасына сай кез келген тұлғада кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру міндетінің баламасы жеке қабілеттердің жетілдіруіне аса мән беру болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |