2.3 Жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру тәжірибесінен
Жаңаратылған оқу бағдарламысының бүткілі дерлік мазмұнындағы мақсаттың сипаты халықаралық стандарт талаптарына сай келетін біліктілікпен, нәтижесінде математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және жаратылыстану сауаттылығының көрсеткіштерінен байқалуын қамтамасыз етілуін айцтамыз. Жаңа ғасыр азаматын даярлаудың өзіндік ерекшелігі сол бәсекеге қабілетті, акмдемиялық білім,білік, дағдыларының деңгейлері халықаралық бағалай бағдарламысының талаптарына сай болуын қаматамыз етуінен байқалады.
Осындай талаптарға сәйкестігін кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру мақсатын көздеген оқыту үдерістерін педагог жаңа форматта ұйымдастыра білу шарт.
Жаңартылған білім беру жүйесінің бастауыш буынында жаратылыстану пәнінің енгізілгені белгілі. Бастауышта білім берудің мақсатының сипаты кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып келеді. Нәтижесінде төмендегі суретте көрсетілген кең ауқымды дағдыларды меңгертуді жүзеге асырылуы шарты міндеттеледі. (2-сурет)
Сурет2- Кең ауқымды дағдылар
Жаратылыстану пәнінің мазмұны балалардың қоршаған әлем, оның компоненттері, яғни денелер мен заттар, процестер мен құбылыстар жайында алғашқы білімін қалыптастыру және ол білімдерді зерттеу дағдылары арқылы ғана қол жеткізуге болатын түсінулері, яғни сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау, болжам жасау, сұрақтарға жауап іздеу үшін зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижелерін жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәннің оқу бағдарламасында келтірілгендей, пәнді игеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс –әрекеттердің жауабын табуға, ғылыми зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады [20,12б.].
XXI ғасыр құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында ауқымы кең инновациялық оқыту әдістерін дұрыс іріктеп, қолдануға машықтану, яғни 4К тобындағы дағдыларды жетілдіру мақсатында «Фишбоун», «Ақылды 6 қалпақ», «Зигзак», «Скампер» әдістері мен түрлі жаттығулар қандай оқыту формасы болмасын нәтижелі орын алды [21,335б]. Аталған әдістердің қай- қайсысы болмасын креативтілікті, сындарлы ойлауды, командамен жұмыс жасау, коммуникативтілікті жетілдіруге белшесінен атсалысатын әдістер болып табылады. Осы секілді бастауышта жүретін барлық дерлік пәндердің академиялық беретін білімдерімен қоса кең ауқымды дағдылардың қалыптасып дамуына әсерін үйлесітіп көтеруді педагогтың ұйымдастыру шеберлігіне тікелей байланысты. Осылардың ішіндегі кейбір әдістердің мазмұнын талдаудың жөнінде жазсам:
«Фишбоун» әдісін қолдану шарты: Бұл әдіс балық қаңқасы іспеттес сызба. Тақырыпқа сәйкес өзекті мәселені таңдап алып, оны шешілуі қажет мәселеге айналдырып, сызбадағы балық басына орналастырылады. Ал қаңқасындағы жоғарғы қабырғаларға бұл проблеманың шығу себептері анықталып жазылады. Қаңқаның төменгі қабырғаларына салдары жазылады. Балық қаңқасының омыртқа жотасына жауабы жазылады. Сызбадағы балықтың құйрық қанатына нәтижесі жазылады. Бұл әдісті топпен, жеке, жұппен де орындауға болады. Әдісті көбіне көп кері байланыс жасау кезеңінде басым қолдануға болады.
«Ақылдың 6 қалпағы» әдісінің қолдану барысында алты түсті қалпақ, олардың әрқайсысы бір-бір позицияны ұстайды. Тақырыпты жан-жақты ашу, талдау үшін ұтымды әдіс. Бұл әдіс арқылы түрлі позицияда пікір айтуға дағдыланады.
«Скампер», яки ағылшын тіліндегі «SCAMPER» атауындағы әр әріптің өз мақсаты бар 7 түрлі іс-әрекетті көздейді.
«SCAMPER» әдісі, мұнда нақты қойылған сұрақтар сызбасы арқылы түрлі идеялар туындамасы негізінде жұмыс жасайды. Бұл оқыту процесінде таңдалған нысанды 7 жақты зерттеп, 7 жақты бірнеше сұрақтар қою арқылы жаңа идеялардың туындауына мүмкіндік беру. Бұл әдістің дұрыс шығуы үшін міндетті нақты қою, қалай міндет дұрыс қойылады, солай сызбаға сәйкес әрбіріне бірнеше сұрақтар қойылады, ассоциация нәтижесінде жаңа идеялардың ұсынылуына әкеледі. Бұл әдіс нағыз креативтілікті дамытатын бірден- бір ұтымды әдіс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |