Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастырудың дидактикалық негіздері



бет5/7
Дата03.12.2023
өлшемі481,94 Kb.
#133514
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Күзбаева А

2.2 Жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастырудың дидактикалық негіздері

Дүниежүзілік практикасы көрсеткендей бастауыштық білімнің тиімділігін төрт дағдыны меңгерту арқылы жүзеге асырылады. Олар оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдыларымен бірге коммуникативтік дағдылардың қалыптасуымен селбесіп іске асырылатыны түсінікті. Көрсетілген дағдыларымыз да әрқайсысы өзіндік ішкі дағдыларына және оның үйретудің жолдарына және ерекшеліктерінің болуы заңдылық. Сабақтағы ұйымдастыру әдістемесінде көрсетілген дағдылардың ерекшеліктерін ескере құрастырудың соңы тілдік дағдыларын меңгертуге септігімен іске асырылады.


Коммуникативтілік дағдыларының негізге алынуы арқылы оқытуда, яғни функционалдық сауаттылықтың қалыптастыруына септігін тигізері анық және мүмкіндіктері жоғары. Төрт тілдік дағдының қалыптасуы оқушылардың халықаралық бағалау бағдарламасының талабына сай оқу сауаттылығына қол жеткізу мүмкіндігін көрсетері хақ.
Кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруына сын тұрғысынан ойлау әрекеттерімен, дәлірек келтірсек өзінше мәселе қоя отырып, соған өз бетімен шешім іздестіруі, баламаларын ұсынуы, өзінің көзқарасын, шешімін қорғай білуін айтамыз. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша оқытудағы тұлғаға бағытталуының орталықталықтандыру түріне жатады, оның тұлғаның дамуы, оның арасында сыни көзқарасының дамуы, шығармашылықтық мүмкіндіктерінің ашылуына, яғни коммуникативтік қатысымға еркін түсе білуді дағдыландырады.
Бастауыштағы оқушылардың коммуникативтік дағдыларының қалыптастыр уына сыни оқыту тәсілдерінің оқушылар бойындағы бұрын алған білімдерімен үйлестіре, жаңа білімді алуына орайласқан тұжырымдаманың сипатына негізделеді. Бұл жердегі маңызды жағы оқушылар бұрын меңгерген дағдыларын жаңа дағдылармен үйлесімді меңгертуді мақсат етуін айтамыз. Осындай жағдайда ғана оқушының алған білімі мен дағдылары қазіргі әлемде жетістікке жетудің қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларымен сабақтастырудың мүмкіндігін береді [17].
Нақты қандай да бір дағдыны жақсартудың жолдарының бірі дағдыларға ерекше назардың аударуына мән бере бірнеше тілдік дағдынының қамтылатын жаттығуларын жүйелі енгізілуінде болып отыр. Мәселен: тақырыптық талқылаудың тиістісінше лексикалық қолдануына көзделген, сондықтан ол арқылы оқылымға арналған тапсырмалардың қызығушылықтарын туғызарына мән беру, содан соң оқығаны барысында жазба түріндегі тапсырмаларды орындауына нұсқалар ұсыну қажет. Дағдылардың қалыптасуын осылай біртін біртін енгізу арқылы, яғни аудио-мәтін тыңдатып, яки бейнематериал не болмаса бейнематериалды көрсетудің арқасында және соңғысында пікірталасты ұйымдастыру және жазба үлгісіндегі тапсырмаларды орындатуды ұйымдастыруға болады [18].
Кең ауқымды дағдылардың негізін меңгертуде тұлғаның үйлесімді дамуына әсер ететін саралау түрлерінің жеті тәсілін қолдануға болады. Олар [19]:
Біріншісі тапсырма болып саналады. Оның құрамындағы тапсырмалар деңгейлері түрліше болып келетін оқушылар үшін тапсырмалардың түрлері жатады, олардың қажеттілігіне орай, яғни көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе, яки әр қилы кестелермен, жаттығулардың және тапсырмалардың жасалуы, күрделі деңгейіне орай ілгерілейтін оқушыларға арналаған тапсырмалардың нұсқалары берілген кеспеқағаздар пайдалануды жатқызамыз.
Екіншісі дереккөздермен жұмыс, онда оқушылардың кейбірі тағы басқада сыныптастарымен салыстырғанда әлдеқайда қиындау дереккөздеріндегі материалдарды талдап жұмыс жасай алады, дереккөздерінің ауқымын талқылауды негізге алатын мәтіндерінен бастап, әлдеқайда күрделі сөздермен қиын идеяларын түсіндіре алатын мәтіндеріне де жинақтап, басқа да баспаханалардан шығып жататын және түрлі электрондық дереккөздермен де жұмыс жасай алу әлеуетін айтамыз. Мұнда материалдардың пайдалануында әлдеқайда ауқымдырақ көлемімен жұмыс жасай білуін көрсетеді.
Келесі тәсілдің бірі қарқыны, яғни оқушылардың базбіреуі басқаларымен салыстырғанда жедел жұмысты істеуін айтамыз және тапсырмалардың қосымша түрлеріне де көбірек күш жұмсаудың кейбір оқушылардың қолдануына болатынын,негізгі тапсырмалардан бөлек түсіндіру кезінде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Келесі қорытынды, мұнда барлық оқушылардың бірдей тапсырманың түрін орындағанымен әрқайсысының нәтижелерінде түрлі болатыны кездеседі, мұғалімнің тапсырма беруін, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптағы бағытта әрекет істеудің емес, кейбірінің өздерін мықты және әлсіз тұстарын орайластырып жауап беруіне, барлығына бағытталып дайындалған нұсқаулықтың берілуі, және әрқайсысының өздерінің күтетін нәтижесінің түсінгендері бойынша көз жеткізуіне орайласуы.
Диалог және қолдау көрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Бағалау: оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек, сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.
Жіктеу: Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, гендерлік топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ.
Саралаудың түрлерін тиімдірек қолдануда әрқайсысы оқушыдағы қажеттіліктерін ашуда, қолдауда, оқытудың процесінде жетілдірудің, оқудағы бағдарламада қойылған мақсатты, міндеттеріндегі жетуде және кең ауқымды дағдылардың игерілуіне мүмкіндіктерін беруін айтамыз.
Педагогтарға сабақтарын жоспарлаудағы дағдыларының дамытуына негізделе саралаудың тапсырмаларындағы анықтауының, саралауының түрлері бұрынырақ жоспарлауды және қолдаудың қажетті ететіндей оқушылардың өздеріне бағытталуын арналған тәсілдердің қолдануына қиындықтар тудыруы мүмкін. Демек жоғарыдағы ұсынылған саралаудың түрлерінде кездескен қиындықтардың шешімін көрсетуге жәрдемдеседі.
Бала бойында қалыптасқан кең ауқымды дағдыларының білімдерімен бірге кез-келген жағдайда қалай қолдану қажеттігінің біліп, келешек өмір тәжірибьесінде кездесуі мүмкін тапсырмалардың шешімін таба білуіне кепілдік беру мүмкіндігі бар. Бұл дағдыларының дамытылуы оқу бағдарламаларындағы білім берудің жүйелілігі мен оны жүзеге асырылуына байланысты болмақ.
Оқушылардың жаңа дәуір дағдыларын дамытуда алдымен педагогтың осы қырынан кәсіби шеберлігі аса мәнді рөлін ойнайды. Болашақ педагогтардың жетілдіруде тағы да оқу бағдарламасындағы әрбір жеке пәндердің атқарар қызметтері де ерекше. Осы кәсіби элективтік пәндердің ішінде жаратылыстану пәнінің XXI ғасыр дағдыларына бағытталған оқыту мақсаттарын көздейтіндігін көреміз. Ол әрине кәсіби шебер мұғалімнің ұйымдастыруымен ғана мүмкін болатын сеземіз. Бастауыш буын мұғалімін дайындау үдерісінде де осы ұстанымды негізге алуды естен шығармағанымыз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет