Тамыртүйнекті
сақтау
барысында
органикалық қышқыл алынады және қызылша
шырынының рН төмендейді. Минералды заттар
да өзгеріске ұшырайды: олардың арасында
еритін күлдердің мөлшері өседі.
Қолайсыз
жағдайда
тамыртүйнек
микроорганизмдердің әсерінен залалданады.
Әсіресе Botrytis cenerea, Phoma betae, Scleratinia
intermedia
және
Fusarium
culmorum
саңырауқұлақтары өте қауіпті болып келеді.
Сондай - ақ саңырауқұлақтар тыныс алуы
барысында көптеген жылу бөледі, нәтижесінде
кагаттарда өздігінен қызу процесі жүреді.
Тамыртүйнектің
өніп кетуі қанттың
жоғалуына әкеліп соғады. Тамыртүйнектің өнуі
нәтижесінде тәулігіне 0,006 % қант жоғалады,
10 % өнген тамыртүйнектен - 0,009, 10 – 50 %
енген тамыртүйнектен – 0,011 және 50 % - тен
жоғары енген тамыртүйнектерден 0,013 % қант
жоғалады.
Тамыртүйнектің тыныс алуы нәтижесінде қант жоғалуы, өніп кетуі сақтау
температурасына тәуелді болады.
Тыныс алуға сондай – ақ мына факторлар да әсер етеді, өнімді жинау ұзақтығы мен
тәсілі, тамыртүйнектің физикалық жағдайы,
өлшемі және зақымдану деңгейі, қоршаған
газды ортаның құрамы, сақталу ұзақтығы.
Тамыртүйнектің әр бөлігіндегі тыныс алу қарқындылығы әртүрлі. Неғұрлым
қарқынды тыныс алу басында байқалады (45,1 мг) неғұрлым аз тыныс алу, мойнында (38,1
мг), ал одан да азы тамыртүйнектің негізгі бөлігінде (21,9 мг) сәл көбірегі – құйрығында
байқалады. Бұл сандар 1 кг тамыртүйнектен 1 сағатта мг есебімен бөлінген СО
2
– көрсетеді.
Қант қызылшасы тамыртүйнегінің тыныс алу қарқындылығының жоғарлауы және
микрофлораның болуы сақьалаьын массасның өздігінен қызуына әкеліп соғады. Бұл
процесті шектейтін негізгі фактор – температура. Сақтау кезіндегі температура 1 - 3 ºС
болып бекітілген.
Температура 0ºС – ден төмендеп кетсе тамыр қатып қалады да, жасушадағы тургор
жағалады.
Қатырылған күйдегі тамыртүйнектерді климаты суық Татарстан, Башқұртстан және
Алтай аймақтарында сақтайды, температура -15 – 18ºС. Сақтауға жайылған массаны қатыру
үшін сыртқы ауамен белсенді желдетеді.
Бүкіл сақталу мерзімінде тамыртүйнекті -7 - 8ºС аспайтын
температурада сақтау
керек, өйткені -3...-3,5ºС еру жүреді де, инвертті қант алынып, тургор жоғалады.
Қант қызылшасы тамыртүйнегін сақтау барысында алаңдық әдіс қолданылады.
Дайындалған алаңға тамыр массасын кагаттарға орнатады. Қабырғасындағы бұрышы 40
градус. Кагаттардың ұзындығы 50 - 100 м, ені -10, 12, 15, 20, 25 м, биіктігі 3 - 6 м.
Кагат алаңынан өсімдік қалдықтарын жолды да, катокпен жаяды. Кагат
зиянкестерімен күресу үшін алаңды әкпен өңдейді (1га-ға 2 т)
Кагаттарды пішіндеу тамыртүйнектердің сапасы мен сақталу тұрақтылығына
байланысты жүргізіледі. Ұзақ сақтау үшін кондициялы партияларды пайдаланылады. Бұл
кагаттардың ені 18 - 25 м, биіктігі 5 – 6 м, кагаттың жоғары алаңының ені 10 - 13 м.
Орта
мерзімді сақтауға ГОСТ
талаптарына толық жауап бермейтін,
бірақ сау тамыртүйнек партиясы
алынады. Бұл кагаттардың ені 12 - 16
м, биіктігі 3-4 м, Кондициялы емес
тамыртүйнек
партиясын
бірден
өңдеуге немесе қысқа уақытқа ені 8-
12 м, биіктігі 2-3 м кагаттарға
сақтауға жібереді.
Кагаттарды пішіндеу үшін
буртоукладчиктерді қолданады. Биік
кагаттарды қолдану тиімді болып
есептеледі. Онда қант аз жоғалады.
Кагаттардың ара қашықтығы ұзындығы бойынша 10 м, қабырға арасы бойынша 6 м.
Кагаттарға сақтауға салу үшін
топырақ қалдықтарынан, басқа қоспалардан
тазалайды.
Кагаттардың бетін қарқынды түрде әк сүтімен немесе сүт пен латекс қоспасы
арқылы бүркиді. Тамыртүйнектер өніп кетпес үшін малеин қышқылының натрий тұзымен
өңдейді. Зақымдалған тамыртүйнектер көп болған жағдайда фенол қоспасымен –
пирокатехил және гидрохинонмен бүркиді (3-4 метрді 1 тоннаға)
Тамыртүйнектерді жағымсыз әрекеттерден сақтау үшін кагаттың бетін, қабырғасын
әртүрлі материалдармен қаптайды. Материалдар әртүрлі
болғанымен олардың бәрі
гидроизоляциялағыш қасиеттерімен және нашар жылу өткізгіштігімен сипатталады. Ол
материалдарға камышит, сололит, опилка, торф, пенопласт, минералды мақта, поролон
және т.б. жатады. Оларды плита, рулонды материал түрінде қолданады.
Кагаттардың температурасын
буртты термометр, термопар көмегімен бақылайды.
Кагаттардағы физикалық ортаны реттеудің негізгі әдісі – белсенді желдету.
Кагаттарды желдету қондырғыларымен жабдықтайды. Олардың көпшілігі ауданы
ылғалдылығы бойынша кондиционерлейтін қондырғымен жабдықталған. Бұл жағдайда тек
температураны реттемейді, сондай ақ кагаттағы ауа ылғалдылығын реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: