Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Өсімдік өнімдерінің сақтау қоймасының дамуы. Қоймалар торабын



Pdf көрінісі
бет3/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

 
Өсімдік өнімдерінің сақтау қоймасының дамуы. Қоймалар торабын 
қалыптастырудың негіздемелері. 
 
Бұл саладағы нан өнімдері адамзаттың өсу даму тарихының қай кезеңінде болмасын 
барлық ел үшін оның байлық дәрежесін көрсетіп белгі ретінде санауға болады. 
Дүниежүзінің 90%-тен астам халқы күнделікті нан өнімдерін пайдаланады. Оның негізгі 
шикізаты дән дақылдар болған үшін олар ауыл шаруашылығының көптеген елдерінің 
негізгі бөлігін құрайды.


Дүние жүзінде астық өнімдерінің көлемі 1,2-1,5 млрд тоннаға жетті, оның жыл сайын 
100-120 млн. тонна мөлшері шығынға ұшырайды. Оның негізгі себебі оны сақтайтын 
қоймалардың жетіспеушілігі.
Осы орайда қоймалардың даму тарихымен танысу көп мағлұмат береді. Біздің 
еліміздің70- жылдан астам даму тарихы бұрынғы советтік мемлекеттік одақпен 
байланысты. Онда Россия бқл одақтың негізін қалаушы ел болып табылады. Еліміздің үш 
ғасыр татулық даму тарихы Россиямен көршілес ретінде тығыз байланысты. Сондықтан, 
өсімдік өнімдерін, соның ішінде астық қоймаларының сақтау тарихын бірлесе қарастырған 
дұрыс саналады.
Шаруаларды ұстап жалдау заманында (1861-1865жылдарда), Россиядан 1,3 млн тонна, 
ал 1906-1910 жылдар арасында 10,0 млн тоннаға жуық астық басқс елдерге сатылды. 
Осыған орай Столыпин аграрлық реформаны жүргізуге байланысты оның жалпы көлемі 64-
72 млн тоннаға жетті. Патшалық Россия оның 24 млн тоннасын сатып, қазынаға қомақты 
ақша қаражатын түсірді. 
Сондықтан астық қоймаларының бастапқы өсу кезеңімен қазіргі кезге дейінгі 
аралығын 8-дәуірлі уақытқа бөледі.
Бірінші кезең. 1860-1911 жылдар. Бұл кезеңде бірінші астық өндірістік элеватор 
дүниеге келді. 
1867 және 1868 жылдары екі ұндық элеваторлар салынды. Сыйымдылығы – 6,5 мың 
тонна.
Бұл элеваторлар Новгород және Ельца қалаларында кірпіш пен ағашты пайдаланып 
жасалынды. Оның жабдықтарын Брян заводтары жасады. 
Бұл кезеңде үлкен порттық элеваторлар салынды: Новороссийск, Николаев, Одесса, 
Виндава қалаларында жалпы саны 75-ке жетіп, сыйымдылығы 450 мың тонна болды.
Екінші кезең. 1911 жылдан 1918 жыл аралығында. Бұл жылдар ішінде астық 
қоймасының жалпы сыйымдылығы 1,0 млн тоннаға дейін жетіп, оның 47 элеваторы 
салынып, 480 мың тоннаға тең болды. 
Үшінші кезең. 1918-1921 жылдар және 1922-1928 жылдар аралығында болды. Бұл 
кездегі элеваторларды әр түрлі мекемелер салды: АҚ «Астық нан өнімдері», «Мемлекеттік 
банк», «Экперт нан» т.б.
Кезеңнің соңында астық қоймасының сыйымдылығы 8,000 млн тоннаға жетті, оның 
17%-і элеваторға тиелді. 
Төртінші кезең. 1929-1941ж. Ұлы Отан соғысына дейін және соғыс жылдары кіреді. 
Соғыс жылы басталар алдында қоймалар сыйымдылығы – 36 млн тоннаға жетті және оның 
12%-і элеваторға тиелді.
Соғыс жылдарында Қазақстанда астық қоймалары салынды. Біздің еліміздегі астық 
қоймасының даму тарихы 1928 жылдан басталады, ол 4-ші кезең болып саналады. 
Бесінші кезең. 1946-1950 жылдар аралығында. Бұл соғыс жылдардағы жойылған 
қоймаларды қалпына келтіру және оны одан қарай дамыту жұмыстары қолға алынды. Осы 
кезеңде 19,4 млн тонна сыйымдылыққа қоймалар салынды, оның 18,9 млн тоннасы жай 
қоймалар.
Соғыс жылдарынан кейін дайындау элеваторларын темір-бетонды материалдан 
салуды ұйғарды. Бірінші элеватор Л-2Х100, Е=5,5-11,0 мың тонна және тастан салынатын 
сыйымдылығы 3,2 мың тонна жай қойма. 
Бұл кезеңін алғанда жалпы қойма сыйымдылығы Ұлы Отан соғысына дейінгі 
қоймалар сыйымдылығынан асып түсті.
Алтыншы кезең. 1951-1971 жылдар аралығы. Бұл жылдары қоймалардағы жұмысты 
механикаландыру жолымен ұйымдастыруды қолға алды. Элеватор өндірістің 
механикаландыру орталығы деп саналды. Бұл кезде тың өлкесін игеру (42 млн га егіс 
даласын, соның ішінде Қазақстанда 25 млн га егіс даласы жыртылып егін егілді). 1956 жылы 
1 млрд пудтан астам астық өндірілді. 


Осы уақыттар ішінде көптеген жаңа дайындау элеваторлары пайда болды: Л-
3х100(1953); Л-4х175(1955); Л-3х175(1956); ЛВ-3х175; ЛВ-4х175(1957-1958); ЛС-6х100; 
ЛМ-4х175; ЛС-4х175; ЛС(М)-5х175; элеваторларының жобасы жасалынып, оларды өндіріс 
орнына салабастады.
Жетінші кезең. 1971-1991ж. ішінде. Бұл жылдары Қазақстанда ЛСВ-4х175;РЗС-5х175 
типтес элеваторлар салынды. 1980-1990ж. аралығында сыйымдылығы 100, 150, 200 мың 
тоннаға сай элеваторлар Қазақстанның астық өлкелерінде орын алды. 
Сегізінші кезең. 1991ж. осы уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл жылдары 
нарықтық экономикаға көшуге байланысты элеватор өндірісінде көп өзгешіліктер пайда 
болды. Жеке шаруашылықтың пайда болып дамуына байланысты кіші сыйымдылықтағы 
элеваторлар салынып дами бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет