Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143
Жүзім сорттары 


 
Жүзім шаруашылығында сорттардың маңызы орасан зор. Өйткені, өнімнің сапасы, 
пісу мерзімі, тасымалдануы, сақтауға жарамдылығы осының бәрі сортқа, ал сорттың 
ерекшелігі топырақ-климаттық жағдайларға байланысты болып келеді. Қазақстанның 
оңтүстігінде өсірілетін асханалық бағалы және техникалық жүзім сорттарына қысқаша 
сипаттама берейік.
Жемчуг Саба 
– Венгрияда шығарылған,өте ерте пісетін асханалық сорт. Соңғы 
жылдары Алматы облысында кеңінен өсіріліп келеді. Қазақстанның оңтүстігіндегі 
Шымкент және Жамбыл тәжірибе станцияларына әкелінді. Гүлі қос жынысты болып келеді. 
Шоқ жемісінің үлкендігі орташа, цилиндр бұрышты, борпылдақ. Жидегі дөңгелек, ақшыл 
жасыл, сарғыш түсті. Жемісі балғын, еріп тұрады. Дәмі хош иісті, мускатқа үйлесімді. 
Бұтасы орташа өседі, сондықтан оның қатар араларын 1,5-1,6 м етіп отырғызады. Өнімі 
жақсы. Сұрыптын суыққа төзімділігі орташа.Пісу мерзімі Шымкентте тамыз айының 
басында, Жамбылда осы айдың орта шенінде. Шымкент және Жамбыл облысының таулы 
аймақтарында аудандастырылған. 
Солтүстегі жүзім өсіретін аудандарда кеңінен тараған . 
Қара Киш-миш. (Кишмиш черный) 
– пісу мерзімі ерте – орташа ,асханалық, 
ұрықсыз сұрып.Кептіруге және жергілікті жерде асханалық жүзім ретінде пайдаланылады. 
Қазақстанның оңтүстігіндегі барлық жүзім аудандарда таралған. Гүлі қос жынысты. 
Жапырағы бес қалақшалы, қою көк, төмен салбырамайды. Жапырақтары үстіне қарай 
жиналып, табақша тәріздес болып тұрады. Шоқ жемісі ірі цилиндр-конус формалы, 
тығыздығы орташа. Жидегі қара түсті, балауызбен қапталып тұрады. Дәмі тәтті. 
Құрғақшылыққа төзімді. Қысқы аязға төзімділігі төмен. Вегетация кезеңінен бастап, пісіп 
жетілгенге дейінгі мерзімі -128 күн. Активті температуралар жиынтығы -3500
0
С жуық. 
Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі жүзім аймақтарында шілде айының аяғында, 
Жамбыл мен Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында қыркүйек айының бас кезінде 
піседі. Жүзім түбі биік өседі. Сабағының жетілуі -70-75%. Кептіруге арналған жемістің 
қанттылығы -23-24%, қышқылдылығы литріне 6,3г. Қазақстанның оңтүстігіндегі барлық 
жүзімді аймақтарында аудандастырылған Алматы облысының шаруашылықтарының 
Шелек ауданында жақсы өнім береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет