Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Элеватордың тиеу-жөнелту қондырғылары



Pdf көрінісі
бет65/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143
Элеватордың тиеу-жөнелту қондырғылары 
Элеватордан астық жол көлігі, темір жол және су жолы көліктеріне тиеледі, сондай-ақ 
таяу орналасқан кәсіпорындарға жөнелтіледі. Тиеу қондырғыларына қойылатын талартар 
да қабылдау қондырғыларына қойылатын талаптар тәрізді: жұмыс түрлері белгіленген 
уақытта атқарылуы қажет. Астықтың булануы немесе төгіліп, шашылуына жол берілмеуі 
керек, тиеу жұмыстары толық механикаландырылған болуға тиіс, құрылыс, орнату және 
пайдалану шығындары барынша аз болуы керек. 
Астықты автомобиль жол көлігіне тиеу 
Бұл элеваторлар атқаратын жұмыс көлемінің салыстырмалы түрде ең шағын түрі. Тек 
жергілікті кәсіпорындарға астық жөнелтуге маманданды рылған элеваторларда, сондай-ақ 
астықты тек автомобиль көлігіне ғана тией отырып, өнімді барынша бабына келтіріп 
дайындайтын кәсіпорындарда бұл жұмыс негізгі қызмет түріне жатады. 
Автомобиль көлігіне астық сусымалы түрінде келіп тиеледі. Осы мақсат үшін 
элеваторға силос бөлмесінің жоғарғы жағынан сыйымдылығы шамамен 20 тонна 
болатындай ойықтар жасайды, осы ойықтар арқылы астық құбырларды бойлай отырып, 
өзінен өзі автомобиль қорабына құйылады. Астықты автомобильдерге арналған 
таразыларда өлшейді. 
Астықты темір жол көлігіне тиеу 
Бұл автомобиль көлігінен астықты қабылдап алу жұмысы тәрізді дайындау 
элеваторлары атқаратын негізгі жұмыстарының бірі. Темір жол көлігіне астық басқа типтегі 
элеваторлардан (базистік, аралық, порттық, қор жинаушы, диірменді) да тиеуі мүмкін. Бұл 
жұмыс түрі тұрақты да, кездейсоқ та сипатта бола береді. 
Бірінші жағдайда астық элеватордың силос бөлімінде немесе өндірістік ғимаратта 
орнатылған ойықтар арқылы қиғаш бұрылмалы құбыр бойымен өзінен өзі сусып тиеледі. 
Бұрылмалы ұштар бөлек- бөлек «шелектерді» бір-бірімен жалғастыру арқылы жасалынады. 
Әрбір ойық сыйымдылығы 20 тонна болады. Мұның өзі 60 тонналық вагонды ешқандай 
артық маневр жасатпай, оның есігі мен бүйіріндегі ойықтар арқылы астықты тиеп шығуға 
мүмкіндік береді. Астықты мұндай тиеу жұмыстарын силос үстіндегі конвейерден тікелей 
атқаруға да болады. 
Астықты ойықтар арқылы тиеу және силос үстіндегі конвейерден тікелей тиеу, әсіресе 
сусып ағатын құбырлар аса жоғары орналаспаған жағдайда, темір жол вагондарына 
құйылған астықты жаймалау үшін қол жұмысын қолдануға мәжбүр етеді. Мұндай тиеу 
құрылғыларының еңбек өнімділігін арттыру және жұмысшылар еңбегін жеңілдету 
мақсатымен әр түрлі қондырғылар мен көмекші құралдар қолданылып келеді. 
Силос бөлмелері аса биікке орналастырылмаған өндірістік элеваторлардың 
бірқатарында астық тиеу жұмыстары инжекторлық қондырғылар көмегімен атқарылып 


келеді. Темір жол вагондарына астық тиеудің мұндай әдісі кең тарала қоймады, себебі бұл 
әдіс вагон ішінде қол күшін қолданудың мүмкіндігін жоя алмады. 
Астық дайындау кәсіпорындары мен элнваторларда темір жол вагондарында астық 
тиеу жұмыстары әр түрлі. Шашыратқыш механизмдер, мысалы, ТМЗ, УВВ механизмдер 
көмегімен аударылып келді. Бұл механизмдер тиеу құрылғыларының еңбек өнімділігін 
арттыруға және жұмысшылар еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Элеваторлардың 
көпшілігінде темір жол вагондарына астық тиеу жұмыстары вагондардың төбесіндегі 
қақпақтарына тиеу құбырларын кигізу арқылы жүзеге асырылады. Вагондарға астық 
толтыру адамдардың қатысуынсыз атқарылады. (5-сурет). 
5-сурет. Вагондарға астықты тиеу қондырғысы 
1-қозғалмайтын құбыр; 2-қозғалғыш телоскопиялық құбыр3-қайта жабдықталған 
вагон; 4-жаға конструкциялы вагон 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет