Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
СӨЖ №49-50-51-52 
 
АСТЫҚТЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУЫ 
 
Астықты орудан кейін өңдеу 
Астықты қабылдау технологиясы мен техникасы 
Егіс даласында өсіп піскен дақылдардың дәндері тірі организм демалады. Осы 
үрдістің арқасында физика-химиялық, биохимиялық реакциялардың жүруі оның 
құрылымы мен құрамындағы заттардың толық қалыптасуын аяқтайды. 
Табиғи-климаттық, агротехникалық т.б. факторлардың әсерінен дәндердің біркелкі 
бір уақытта пісіп жетілуі болмайды. Сондықтан әрбір егіс даласында, әр дақыл үшін, әр бір 


сабақтардағы дәндері де, тұқымдары да технологяилық көрсеткіштерінде ерекшеліктері 
болады, яғни олардың шама жағынан ауытқуы айнымалы заңдылық түрінде сипатталады. 
Сонымен дақыл дәндерінің өзгешіліктері, олардың зақымдалынуы, ауырып қалуы, белгілі 
бір шараларды дер кезінде қабылдауды талап етеді. Қолданылатын шаралардың жалпы 
жиынтығын орудан кеінгі өңдеу технолгиясы деп атаймыз. 
Дән, бұршақ, майлы дақылдардын және басқа өсімдік өнімдерін орудан кейін 
қолданылатын технологиялардың қатарына мыналар жатады: астықты траснпорт 
жүйелерінен қабылдау, белгілі мақсатта пайдалынатын партияларды қалыптастыру, 
қоймаларға жайғастыру жоспарын құру, қоспалардан тазарту, кептіру, салқындату, 
зиянкестерден қорғау, емдік сауықтыру шараларын ұйымдастыру және сақтауға, тиеуге 
дайындау. Осы аталған технологиялардың бастысы ретінде астық кәсіпорындары мен 
элеваторларда қабылдау жұмысын реттеп жүргізуге өте көп көңіл бөлінеді. 
Қабылдау технологиясы мына үрдістердің жиынтығынан құралады: 
- астықтың сандық және сапалық көрсеткішін оруы алдында алдын ала анықтау; 
- егіс даласынан комбайндермен майдаланған астықты жеткізу схемаларын бекіту; 
- автомобилдермен тасмалданатын астықты жеткізу үшін сағаттық және тәуліктік 
сызықтама кестесін жасау; 
- астықты дер кезінде қабылдап және өңдеу жұмыстарын жоғары дәрежеде 
ұйымдастырып жүргізу үшін технологиялық картаны құрастыру; 
- абылдау лабораториясының, таразылардың, аудару қондырғыларының қабылдау 
мүмкіншіліктерін анықтап оған сәйкес келетін өнімділікпен технологиялық жабдықтау; 
- қабылдау схемасы әр партияның дақыл дәндерінің сандық және сапалық 
өзгешіліктеріне байланысты аралыстырмай жекелеп жүргізу үрдісін қамтамасыз етуді 
талап ретінде орындау; 
- әр түрлі мақсатта пайдаланылатын партияларды құрастырылуын міндетті және 
осыған байланысты жинақтау қораптарын қолдануы қажет. 
Осы аталған технологиялық үрдістер бекітілген ұйымдастыру ережелерімен 
жүргізіледі. Сондықтан астық кәсіпорындарына қабылданатын әр партиядан үлгі алып, 
қабылдау лабораториясында стандарттық әдістемеге сәйкес үлгілерді алып тәуліктік орта 
үлгісін жасап, негізгі дәндердің талдау көрсеткіштерін анықтайды. Олардың қатарына 
біріншіден ылғалдылық, қоспа мөлшері және құрамындағы түрлері, 1 литрлік салмағы 
граммен (натура), бидай үшін шынылығы, сағыздығы, басқа дән, бұршақ, май дақылдары 
өздеріне тиісті көрсеткіштері үлкен дәлдікпен бағаланады. Астықтың өңдеудің 
жайғастырудың және сақтаудың талаптарын орындау үшін оның күй жағдайын және 
сапалығын сипаттайтын көрсеткіштердің атқаратын рөлі өте үлкен. 
Бұл алға қойылған мақсаттарды орындау үшін астықтардың дақылдар түрлеріне 
байланысты жасалынған дайындау товарлы классификациясын дән, бұршақ және май 
дақылдарын өзінің технологиялық құндылығына сәйкес топтап белгілі мақсаттарға 
байланысты ұндық, макарондық, жармалық, крахмалдық, спирттік, майлық, сыралық 
партияларын құрастырады. 
Астық кәсіпорындарында қабылдау кезінде қолданылатын мақсатты партияларды 
қалыптастыру, тамақтық бұйымдардың ассортиментін кеңейтіп , өңдеу өндірістерінің 
тиімді жұмыс істеуін жоғарлатады.
Өңдеуге дейін, шахтылы кептіргіштерді тиімді дұрыс қолдану үшін, астық 
дақылдарын (күріш пен жүгері сабағынан басқасы) ылғалдылығы мен қоспасының 
мөлшеріне байланысты топтарға бөледі: 
А)ылғалдылығы бойынша: 
-құрғақ және орта құрғақты бірге; 
-ылғалды (2 метрге дейінгі үйменің биіктігі); 
-өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22% дейін, жайғандағы үйме биіктігі 1,5 м дейін); 
-өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22%-тен жоғары, 6%интервалмен үйме биіктігін 1м 
биіктікке дейін, ал жүгері дән үшін 5%-интервалмен жайғастырады). 


Б) қоспалары бойынша: 
-таза және орташа таза; 
-қоспалары шектеулі кондицияға дейін; 
-қоспалары шектеулі қоспалардан жоғары. 
Технологиялық тізбекте рециркуляциялы кептіргіш қолданған кезде астық партиясын 
ылғалдығы мен қоспасына байланысты құрастырып топтауды қажет етпейді. Жаңа орылған 
астықты әр уақытта шаңнан және құрамындағы қоспаларынан тазартып тұру негізгі талап 
ретінде қойылады. Өте ылғал астықты кептіруге дейін желдету қондырғыларына 
орнатылған астық қоймаларына немесе алаңға жайғастырылуы дұрыс болып саналады. 
Дәндік, бұршақты және майлылық дақылдардың ылғалдылығы мен ластығының 
арамдық және дәндік шөп қоспаларына байланысты жағдайы. 
Астық дақылдарын қабылдап оларды өңдеу алдында, әрбір дақыл үшін 1-кестеде 
көрсетілген шектеу шамалары бойынша топтап жайғастырады.
1-кесте. Астық дақылдарын ылғалдылығы бойынша жайғастыру 


Ылғал және өте ылғал астықты силостарға салуға болады, егерде оның 
температурасын үздіксіз қадағалауға термодатчиктерді пайдалануы тиіс және сақтау 
уақыты ылғал үшін бес тәулік, ал өте ылғал астық үшін үш тәулік, әсіресе күріштің 
ылғалдылығы 19% дейін бір тәулікке дейін сақтауға болады. Сақтайтын астықтың көлемі 
кептіргіштің осы уақыт ішінде жұмыс істеу өнімділігімен анықталады. Ылғал астықтарды 
тек сыртқы силостарға ғана жайғастырған дұрыс. Ішкі силостарға құрғатылған астықтар 
сақталынады. 


Элеваторда силостарды реттеп пайдалану жоспары құрылады. Астықтың майда 
партияларын бекітілген ережелер бойынша әр дақылдың түрін, сортын, типін, сапалық 
көрсеткіштерін, зақымдалғанын, фузариоздың дәндердің мөлшерін, т.б. қажетті талаптарды 
ескеріп үлкен партияларды белгілі мақсаттарға пайдалануына байланысты топтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет