Премикс өндірісінің технологиялық үдерістері мына желілерден тұрады:
толықтырғышты дайындау желісі; микроэлемент тұздарын дайындау желісі; холин-
хлоридті дайындау желісі, микроэлементтің алдын ала қоспасын дайындау желісі, йодты
калийді дайындау желісі; микроқұрауыштарды енгізу желісі; майды енгізу желісі;
құрауыштар мен толықтырғышты мөлшерлеу жән
е араластыру желісі.
Толықтырғышты дайындау желісі толықтырғышты бөтен, магнитті қоспалардан
тазарту, кептіру және ұнтақтауды қарастырады.Бөтен
қоспаларды елеуіш машинада, ал
металды-магнитті
қоспаларды
электрлі-магнитті
сепараторда
тазалайды.
Егер
толықтырғыштың ылғалдылығы 10 пайыздан асса, онда оны кептіргіш машинада кептіреді.
Толыұқтырғышқа қосылатын май мөлшері: кебек үшін -3%, ұнтақталған дән-2%, ашытқыға
-1.
Достарыңызбен бөлісу: