Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Ақуызды –витаминді қосымша



Pdf көрінісі
бет86/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

4. Ақуызды –витаминді қосымша (АВҚ)-қажетті ірілікке дейін ұнтақталған, 
ақуызды және микроқосымшаларды көп сақтайтын біркелкі қоспа.АВҚ-ны дайын өнім 
емес, оны құрама жемнің құраушысы ретінде дәнді дақыл өсіретін шаруашылықтар мен 
шағын құрама жем зауыттары қолданады. АВҚ-ның өзімен малды азықтандыруға 
болмайды, өйткені онда көптеген заттар көп мөлшерде сақталып, ал ол тұзбен улануды
тапшы ақуыз бен басқа өнімдердің артық жұмсалуын тудырады.
АВҚ өндіру үшін құрама жем өндіруге қажетті құрауыштарды қолданады. АВҚ 
рецебінің құрама жем рецебінен айырмашылығы: біріншіден, ақуызды азықтарды (шрот, 
ашытқы, еттісүйек және балық ұндары); минералды азықтарды (сүйек ұны, бор, ас тұзы) 
көп сақтайды, ал екіншіден дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы) болмайды.
АВҚ-ны арнайы зауытта, бірақ көбінесе құрама жем зауыттарында жасайды. Жоғары 
сапалы АВҚ жасау үшін негізгі жабдықтардың: ұнтақтағыш, елеуіш машина, мөлшерлегіш, 


араластырғыштардың жұмысын үнемі қадағалап тұру керек. Сонымен қатар шикізаттарды 
тазалауды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Зауытта АВҚ мына технологиялық желілерде дайындалады (4-сурет): 
-ұншықты шикізат желісі. Кебек, еттісүйек және балық ұндары ұнтақталған күйде 
келетіндіктен, автоматты таразыда өлшеніп (13), елеуіш машинада еленіп (14), электрлі-
магнитті сепараторда (15) магнитті қоспалардан тазаланып, мөлшерлегіш алдындағы 
қорапқа барады: 
жемдік ашытқы және шрот желісі. Бұл желіде олар автоматты таразыда өлшеніп 
(11), елеуіш машинада А1-БЦП еленіп, электрлі-магнитті сепараторда (15) магнитті 
қоспалардан тазаланып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа барады. 
күнжара желісі. Балғалы ұнтағышта (8) ұнтақталып, автоматты таразыда өлшеніп, 
мөлшерлегіш алдындағы қорапқа барады. 
- минералды шикізат желісі. Бор мен тұз ұнтағышта (6)ұнтақталып, ірілігі елеуіш 
машинада бақыланып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа барады. 
- мөлшерлеу мен араластыру желісі. Бұл желіде рецепт бойынша белгіленген 
мөлшерде құрауыштар таразылы мөлшерлегіште өлшеніп, кезеңмен жұмыс істейтін 
аралағыштарда араластырылады.
4-сурет. Васильков нанөнімдері комбинатындағы АВҚ өндірісінің технологиялық 
сызбасы: 
1,4- ВШС-араластырғыштары; 2-ДДК ұнтақтағышы; 3,14-елеуіш машиналар; 5-
тасымалдауыш; 6,8-ұнтақтағыштар; 7,9-нориялар; 10,12- мөлшерлегіш алдындағы 
қораптар; 11,13-автоматты таразы; 15-электрлі-магнитті сепаратор; 16,17- толықтырғышқа 
арналған мөлшерлегіш алдындағы қораптар; 18-таразылы мөлшерлегіш; 19-араластырғыш; 
20-қаптағыш аппарат 
АВҚ бордақылайтын шошқаға арналған өндірістерде кең қолданылады. Сақтау 
мерзімі: шашыранды -2 ай; түйіршіктелген АВҚ -3 ай. Сақтау мерзімі өткеннен кейін АВҚ 
айына 1 рет зарарлығын тексеріп тұру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет