5-сурет. Карбамидті концентрат өндірісінің принципиалды сызбасы
Дәнді дақылды тазалау астық тазалағыш машинада жүргізіледі,
металды қоспа
электрлі-магнитті сепараторда тазаланады. Бөтен қоспалардан тазаланған дәнді дақыл
балғалы ұнтақтағышта ұнтақталады. Ұнтақталған дақылдың ірілігі: Ø3мм електегі қалдық
10% аспауы керек.
Карбамидті дайындау желісінде карбамидті қаптан
босатқыш машинада босатып,
қопсытып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа жібереді.
Бентонитті дайындау желісінде бентонит қаптан босатқыш машинада А-БПК қаптан
босатылып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа түседі.
Дайын құрауыштарды мөлшерлеу көп құрамды таразылы мөлшерлегіште жүзеге
асады. Араластыру көлденеңді кезеңмен жұмыс істейтін араластырғышта араластырылады.
Экструдерлеу экструдерде жүргізіледі, яғни қысу және үйкелу күшінің әсерінен қоспа
крахмалдың клейстерлену температурасына
дейін қыздырылып, карбамид ериді.
Карбамидтің өзін жеке құрама жемге қосуға болмайды, ол тез ыдырап кетіп, мал улануы
мүмкін. Сондықтан синтетикалық мочевинаны тиімді қолдану үшін оны көмірсулы
құрауыштармен қосып, азыққа біркелкі енуін, мал қарнында гидролиздену жылдамдығын
азайту керек.
Карбамидті концентрат 40-80 %
шикі протеин сақтайды, сондықтан құрама жемге
табиғи ақуызды құрауыштардың орнына енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: