Астықты қалыптастырутехнологиясы Астықты орудан бастап оны қоймаларға жайғастыруға дейінгі аралықта олардың
белгілі бағыттағы партияларын қалыптастыру маңызды орын алады.
Оның күрделі үрдіс болуына мына факторлар әсер береді:
-табиғи ауа райының өзгеріп отыруы;
-егін егуде қолданылатын жерлердің құнарлығының, рельефінің, жазықтық
деңгейлерінің біркелкі болмауы;
-әр түрлі сұрыптылығы, типтілігі, тип топтары, натурасы, шөп шалаңы, ылғалдылығы,
өсіп жетіп пісілуінің бір уақытта аяқталмауы және т.б.
Осындай факторлар әр дәннің физикалық, химиялық және биохимиялық
көрсеткіштерінің шама жағынан бірдей болып қалыптасуына кедергі жасайды.
Сондықтан астық кәсіпорындары мен элеваторларға келіп түскен әр партияның
технологиялық сапасы мен көрсеткіштерінде бір біріне дәл келмей, айнымалы жағдайда
болатынына себепкер болып тұрады.
Стандарттық талаптардың сұранысына сай астық өнімдерін алу үшін, өңдеуге
дайындалған партиялардың сапасын тұқымды таңдап, дайындаудан бастап қолға алып,
жүйелі түрде барлық кезеңдерде бақылау жүргізуді талап етеді.Сондықтан егілетін дән
тұқымының сапасына ұқыпты түрде көңіл бөлінеді. Егіс жерінің агротехникалық
талаптарға сәйкес егуге дайындау қажет.
Дақылдарды табиғи климаттық жағдайға байланысты тиімді уақытында егіп, оның өсу
кезеңдеріне бақылау жасап, өнімнің дұрыс қалыптасуын талдап отыру қажет. Әсіресе сүттік
фазадан бастап толық фазаға өткенге дейін, барынша жиі қадағалап, керекті шаралардың
қолданылуы тиіс. Осы себепті егін орар алдында егіндердің сапасын алдын-ала
лабораториялық сандық және сапалық түрде талдаулар жасалынып, қандай бағыттағы
партияларды дайындауға болатындығын белгілейді.
Бұл жұмыстарды тиімді жүргізу үшін, астық дәндерінің технологиялық картасын
стандарттық талаптарға сәйкес жасап, сол арқылы көлемін және қалыптасатын әр дақыл
бойынша санын анықтауға болады. Бір күннің ішінде бір сұрыпқа байланысты астық
дәндерінің ылғалдылығы, шөп шалаңы, натурасы және шынылығы мен сағыздығын
мөлшерлері дәл келмейді. Олар әр түрлі деңгей шамаларында болады.
Сондықтан партиялардың сапасын қалыптастыруда қолданылатын технологиялық
картадағы көрсеткіштер екі топқа бөлінеді: Бірінші топтағы көрсеткіштер-астық жағдайын
сипаттайтын ылғалдылық пен шөп-шалаңның мөлшерін стандарттар талабына сәйкес
біріктіріп, орудан кейінгі өңдеу жұмыстарын жүргізудің ретін анықтайтын болады. Ал
екінші біріктірілген көрсеткіштер-натура, шынылық, сағыздық және т.б. көрсеткіштер
партиялар-дың сапалық деңгейіне байланысты. Олар ұлғайтылған белгілі мақсаттарды
талапқа сәйкес партияларды қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан партиялардың
сандық және сапалық көрсеткіштеріне байланысты тазарту, кептіру және салқындату
үрдістерін ғылыми түрде ұйымдастыруға көмектеседі.
Әрбір дақыл партияларының жалпы саны – сұрыптары және оның технологиялық
белсенділігі мен жағдайын сипаттайтын ылғалдылығы мен шөп-шалаңы мөлшері бойынша
анықталады. Мысал ретінде, бидай дақылының сұрыптарына қарай, астық қабылдау
элеваторындағы қалыптасқан партиялардың кешенді көрсеткіштеріне, технологиялық
белсендігіне және жағдайына байланысты саны 1-кестеде берілген.
1--кесте. Астық қабылдау элеваторындағы бидай дақылының қалыптасу