Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


-кесте. Астықтың қамба бізтұмсығы және кенелермен зақымдану дәрежесі



Pdf көрінісі
бет101/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

1-кесте. Астықтың қамба бізтұмсығы және кенелермен зақымдану дәрежесі 
Дәрежесі 
1 кг астықтағы зиянкестер саны 
Қамба бізтұмсығы 
кенелер 
І 
1-5 дейін 
1-20 дейін 
ІІ 
5 – 10 дейін 
20-дан астам еркін қозғалмай 
шоғырланған 
ІІІ 
10-нан астам 
Шоғырланған, еркін қозғалуы өте 
нашар 
 
Зиянкестердің ішіндегі ең көп кездесетіні – кенелер. Олармен мұнара қоймалары 45,2 
%, бос қамбалар 37,7%, ал астықпен толтырылған қамбалар 46,9% залалданған. Кенелердің 
ішіндегі ең қауіптісі ұн және ұзынша кенелер. Залалдануы ІІ-ІІІ дәрежеге жетті. Өте қауіпті 
жәндік. Астық дәндерін, жарма, ұн, күнбағыс, зығыр және т.б. зақымдайды.
Бізтұмсықтар тұқымдасынан 2 түрі – қамба және күріш бізтұмсығы кездесеті. 
Олардың мөлшері көбі сыра зауыты мен мұнара қоймаларда. Өте қауіпті зиянкестер. Бүтін 
дәндерді үгіп жеп, ұрық бөлігін зақымдайды. Сапасын төмендетіп, өну қуаттылығын, 
өнгіштік қасиетін төмендетеді. Қоңыздар және олардың балаңқұрттары бидай, қара бидай, 
арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері дәндерін, бұршақ тұқымдастар мен астық тұқымдас 
шөптердің тұқымдарын, әр түрлі жармалар мен ұнды және ұннан жасалған тағамдарды 
зақымдайды. Бұл зиянкестер көбіне «Жігер» ЖШС мұнара қоймаларынан және қазір жұмыс 
істемейтін «Атбасар» сыра зауытынан алынған сынамаларда өте көп табылды. 
Қара денелер тұқымдасынан 9 түрі кездесті. Олардың ішінде жиі кездесетін түрлері 
кіші, үлкен және шоқпар мұртты ұн қоңызы. «Жігер» ЖШС және «Урицкий» АҚ 
қоймаларынан алынған сынамаларда 1кг астықтан 214 талдай қоңыздар мен балаңқұрттар 


табылды. Зиянкестердің ересек қоңыздары да, балаңқұрттары да зиян келтіреді. Олар астық 
дәндерімен, ұнмен, кептірілген нан жемістерімен қоректенеді. 
Тері жемірлер тұқымдасынан 8 түрі анықталды. Олар күрең, тері, Шеффер, кілем, 
Фриша, Тянь-Шань тері жемірлері, айнымалы трогодерма, «Жігер» ЖШС, «Урицкий! АҚ, 
«Ақсуат» ЖШС мұнара қоймаларынан, «Даккап», «Шаруа СК» диірмендерінен, «Атбасар», 
«Арасан» сыра зауыттарынан және ауыл қамбаларынан алынған астық, ұн 
сыпырындыларынан, өрмекші торларынан, астық қалдықтарынан алынған сынамалардан 
табылды. Аса қауіпті зиянкестер. Суыққа өте төзімді. Жас балаңқұрттары уатылған 
дәндермен және ұнмен қоректенсе, ересек балаңқұрттары тұтас дәндердің ұрық бөлігін 
кеміріп жеп, одан дәннің ішіне еніп, оның эндоспермасын зақымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет