Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143
СӨЖ №13 
 
Сақтауға түсетін астықтың жағдайы мен жалпы сипаттамасы 


Астық массасының қасиетінің жалпы сипаттамасы 
Астық қабылдау кәсіпорындарында дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың 
жүзге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұймдастыру үшін әр бір 
дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қаситтерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып 
қарастыру керек.
Астықтың негізгі белгілі бір ботаникалық текті дәнді болып келеді де әрбір партия сол 
дәннің атымен аталады. Мысалы, бидай, қара бидай т.б. астықтың негізгі бөлігі болып 
келетін дәннің өзіде ылығалдығы, тығыздығы, пысып жетілгендігі т.б. сапалық 
көрсеткіштер бойынша бірңғай біркелкі емес сан түрлі болады. Мұның бірден бір себебі 
дәннің өсімдіктің бойында өсіп жетілумен қалыптасу ерекшеліктеріне мысалы, бидай мен 
қара бидайдың гүлденуі масақта басталса тарымен сұлы жоғары жағынан, бұршақ дақлдары 
төменнен гүлдейді. Ең жоғары бағалы әрі сапалы дән өсімдіктің ерте гүлдеген бөлігінен 
алынады. Осыған орай мың дәннің салмағы дейтін көрсеткіш сол дәннің масақтың қай 
жерде өсіп өнгеніне тікелей байланысты. Мысалы, Краснодарская 46 және Безостая 1 дейтін 
бидайдың салмағы масақтың жоғары бөлігінде орта есеппен 30г, орта шенінде 50г, төменде 
47г, ал сол сияқты Саратовская 42 сортында осы көрсеткіштер 34,9; 41,0 және 37,4 г 
болыпты. Дубовский 129 атты күріштің 1000 дәнінің өсімдіктің жоғары жағындағысының 
салмағы 39-40 г болса, төмендегісінің салмағы одан 9-12 г көп. 
Астық құрамындағы негізгі дақылдың өзінің құрамындағы дәннің де, қоспалардың 
барық түрлеріне де микроорганизімдер көптеп мекендейді. 1 г дәнде олардың жүздеген 
тіпті миллиондаған саны табылады. Әрине, белгілі бір мезгілде сақталу барысының түрлі 
жағдайларында микроорганизімдер дәннің күйі мен сапасына едәуір әсерін тигізеді. 
Сондықтан дән аралық кеңестік ауасында астық жиымының бір бөлігі деп қарайды. 
Сонымен астық жиымының құрамына мына нәрселер кіреді: 
1. Негізгі дақылдың, кейде басқа негізгі дақылға бағалығы мен пайдалануы бойынша 
ұқсас дақылдардың дәндері. 
2. Минералды және органикалық текті сан түрлі қоспалар; 
3. Микроорганизмдер
4. Дән аралық кеңістік ауасы; 
Астықтың кейбір партияларында, жоғарыда айтып өткендей, шыбын шіркей, құрыт 
құмырсқа және кенелерде кездеседі. Сондықтан бұлардада астық жимының құрама бөлігі 
деп қарап, уақтылы, дер кезінде тиісті шаралар қолданып отырған жөн.
Тұқымдық дәннің егіндік қасиеттері мен сапалығы оның бастапқы сапасына 
байланысты.
Әрбір сорттың ауылшаруашылығында есепке алынатын көптеген қасиеттерінен басқа 
әр түрлі тұтынушылық белгілері, көрсеткіштері болады. Мысалы: бидайды онының 
ұнының сапасы бойынша, күнбағар майлылығы, күріш, тары, арпа өнімдері сапасы мен 
сипатталыды. Мұның бәрі астықтың әр түрлілі партияларын қабылдау және өңдеу 
кәсіпорындарында сорттың ерекшеліктеріне байланысты бөлек орналастыруды керек етеді. 
Дәннің сорттық ерекшеліктері астықты мемлекет қоймаларына тапсырып өткізетін астық 
шаруашылықтары мен есеп айыру кезінде де еске алынады. 
Астық сапасы тыңайтқыш пайдалану және әрбір жылдың ауа райы ерекшеліктеріне 
байланысты. Егер ору алдында, не орақ кезінде жауын шашын неғұрлым көп болса, 
солғұрлым дәннің ылғалдылығы жоғары болып, сақтауға төзімсіз келеді. 
Ал өте құрғақшылық жылдары астық қырманға құрғақ күйінде түседі, дән толмай 
қысыңқы, әлжуаз болып қалады. 
Астықты орып жиналғаннан кейінгі мезгілдегі сақтау шарттары мен оны қабылдау 
қабылдау кәсіпорындарына тасымалдап жеткізуді мұқият, қалтқысыз орындау керек. 
Астық қабылдау кәсіпорындарына жиналған дән түсімінің бірер бөлігін әкеліп 
өткізеді. Көпшілігі қырманда алдын ала өңдеуден өтеді де астық шаруашылық 
қоймаларында уақытша сақтала береді. Кейбір партиялар үшін бұл мерзім бірнеше сағат 


пен тәуліктен бір айға, кейде одан көпке созылады. Осы кезде дәнге әртүрлі құрт-құмырсқа 
және кенелер зиян келтіруі ықтимал. Ауа райы қолайсыз болса дән дымқылданып, өніп 
кетеді де нешетүрлі шыбын-шіркей тәрізді жәндіктердің өсіп мекендей бастап, астықтың 
өздігінен қызуына әкеп соғады. 
Жаңа жиналған астықтың бұзылуының тағы бір себебі өткен жылдың сабан-топан 
секілді қалдықтарынан тазартылмаған қырманға не егістік алаңшаларына қабылданып 
түскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай дәнге мұқият қарап, тиісті күтім жасамаса, ол 
дымқылданып ылғалдығы артып өздігінен қызуға шалдығады, бұл құбылыс жаңа орылған 
астықта өте тез өрбіп кетеді. Ал дәнді қызған күйінде астық қабылдау кәсіпорындарына 
әкеп өткізуге болмайды.
Дәннің сақталуға төзімділігі деп аталатын қасиетті, күй-жайы мен сапасы және оны 
тиімді пайдалану астықтың орып-жинап ала салғаннан кейінгі жағдайларға көп 
байланысты. Астық қабылдау кәсіпорындарына сапасыз, стандартқа сай емес дәнді өткізген 
шаруашылықтың кіріс табысы азаяды. Себебі астықты тазалау және кептіру үшін 
жұмсалған қаржы солардан өтеледі. Астықтың жалпы саны, жиымы кемітіледі. 
Қабылданған сапасыз астықты жедел түрде тазалауды ұйымдастыруды қамтамассыз ету 
қажет. Сапасыз дән жиымын бөлек жеке дара орналастыру шараларын қолданып оған 
қосымша қойма қарастыруға тура келеді. Егер бұл шарттар орындалмаса, не уақытынан кеш 
қолданылса дәннің сапасы күрт төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет