Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

І. Биоз қағидасы. Атының өзі айтып тұрғандай өнім тірі қалпында сақталады. Табиғи 
иммунитетке не кез келген ағза әр түрлі биологиялық уәкілдің /агенттің/ және қоршаған 
ортаның басқа да жағымсыз /қолайсыз/ әсерлерінен өзін-өзі біршама қорғай алатыны 
белгілі.
Биоз қағидасын екі түрге бөлуге болады: шын немесе толық, биоз-эубиоз және жарым-
жартылай биоз- гемиобиоз. 
Эубиоз – тірі ағзаларды қашан пайдаланғанша (тамаққа) сақтау. Айтайық, үй малдары 
мен құстарын сойғанша, сондай-ақ тірі балықты, шаянды және т.б. осылай сақтайды. 
Салмағын жоғалтпау және кейіннен өнімнің сапасын нашарлатпау үшін малмен құсты жем-
шөппен қамтамасыз етумен қоса, тиімді бағып қағу. 
Эубиоз қағидасының халық шаруашылығында маңызы өте зор. Мысалы, малды 
жайлауда семіртіп, сосын өңдеу немесе пайдалану орындарына тасымалдау экономикалық 
жағынан тиімді. Бұл сонымен бірге өңдеу кәсіпорындарын /ет комбинаты, консервілеу 
зауыттары ж.т.б./ және тоңазытқыштарыд жоспарлы түрде пайдалануға мүмкіндік береді. 
Эубиоз қағидасы ірі қалалардың тұрғындарын жас етпен, басқа да өнімдермен-жаңа 
сойылған мал мен құс етімен, тірі балық және т.б. қамтамасыз етеді. Азықтандыруға, бағып-
күтуге, тасымалдауға жұмсалатын шығындар жақсы сапалы өніммен және оның жоғары 
бағасынан түсетін пайдамен ақталады. 
Эуобиоздың жағдайларын бұзу- малды жеткілікті түрде немесе жарым-жартылай 
азықтандыру, уақытында суармау, дұрыс бағып-күтпеу және тасымалдау -өндірушілерге, 
сондай-ақ тұтастай халық шаруашылығына зор шығын әкеледі. Мал мен құс мұндайда 
салмағын және жалпы күйілігін жоғалтады. Шаруашылықтың ақшадай кірісі кемиді, 
қаншама ет өнімі кемиді, ал тұтынушы сапасы төмен өнімді пайдаланатын болады. 
Гемибиоз биоздың жарым-жартылай бөлігі, өсімдіктің мынандай бөліктерінің, 
айтайық, түйнектің, тамыр жемісінің, баданның, жеміс-жидектің иммундық және 


қорғаулық көшеттерін пайдаланып, оларды белгілі бір уақыт аралығында жас күйінде 
сақтау мүмкіндігі туындайды. Бұл өнімдердің сақтау мерзімінің ұзақтығы олардың 
ерекшеліктеріне және сақтау жағдайына байланысты болады. Мысалы асқабақты бөлме 
темпераурасында ұзақ мерзім бойы сақтай алса, қияр бірнеше күнге шыдайды. Алманың 
қысқы сорттары бірнеше айға дейін жас күйін сақтайды, ал жаздық сорттары ұзақ уақытқа 
жарамсыз.Аталған топтың өнімдерін жас күйінде ұзақ уақыт бойы сақтауға 
ауруларғақарсыласуын қолдау және олардың тіршілік әрекетінің үрдістерін реттеу үшін, 
биологиялық үрдістердің дамуын баяулататын, өнімді айтарлықтай сорғытатын 
/құрғататын/ жағдай қалыптастырады. Бұған өнімді 0
0
С жуық температурада және ауаның 
белгілі бір дымқылдығын сақтағанда қол жеткізеді.
Гемибиоз қағидасының маңызы өте зор. Мұны дұрыс пайдалану тұрғындарды С 
дәрумені және басқа да биологиялық ынталандырғыш заттары бар жас өсімдік өнімдерімен 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет