Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Астықты ору жағдайы және сақтауға тасымалдау жүйесі



Pdf көрінісі
бет24/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Астықты ору жағдайы және сақтауға тасымалдау жүйесі 
Астық массасының құрамы мен қасиеттеріне ору технологиясының әдістері, орудан 
кейінгі өңдеу мен сақтау өзгешеліктері, астықты комбайннан оны жайғастырып сактау үшін 
тасымалдау жұмысының жүргізу жүйесі, техникалык шарттардын орындалу тәртібі т.б. 
әсер етеді. 
Ерте немесе кеш ору астықты сандық және сапалық шығымын көбейтеді. Орудың 
мына әдістері бар: тура комбайнмен ору; егінді жатқызып орып, кепкен соң астықты 
комбайнмен жинап, дәнін бөліп шығару; жаңа индустриялы технологиямен үйінді түрде 
астықты орып, кепкен соң майдалау. 
Астықты тасымалдау жолдары да әр түрлі болып келеді: 
-егіс даласындағы комбайннан астық массасын транспортпен астық кәсіпорындарына 
жеткізу; 
-егіс даласындағы комбайннан астық массасының бір бөлігін тікелей үлкен 
қоймаларға, ал қалғанын фермерлік, астық токтарына тасымалдау; 
- егіс даласындағы комбайннан астықты түгелдей фермерлік кіші қоймаларға, одан 
соң үлкен коймаларға тасымалдау. 
Осы тасымалдау жүйелеріне байланысты астық массасының бастапкы сақталу 
жағдайлары әр түрлі болып келеді. Яғни оның ылғалдылығы және тыныс алу қарқыны. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СӨЖ №14-15 
 


Қазақстандағы өсімдіктердің өнімдерін өңдеу және сақтаудағы ғылымның 
қазіргі уақыттағы дамуы мен анализі 
 
1)Өсімдік өнімдерін өңдеудің және сақиаудың отандық және дүгиежүзілік қазіргі 
заманғы технологияға сай анализі 
Астық адам және жануарларлың тағамы үшін ең қажетті өнім. Осыған қарамастан 
астықты сақтау ауыл шаруашылығындағы басқа өнімдермен салыстырғанда қиын болып 
табылады, және де астықты сақтау және өңдеу үлкен еңбекті талап етеді. 
Тәжірибелер көрсеткендей, астық өнімдерін сақтау және шығынды азайту жөніндегі 
сұрақ әлі де өз шешімін тапқан жоқ. Мұның барлығы астық өндірісінде ғылымның дамуын 
қажет етеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы құрылғылар мен жабдықтарды 
жаңарту, ғылыми зерттеулерге жол ашу керек.
Өсімдіктерді сақтау және өңдеудің ғылыми негізін СССР ғалымдары Бахом А. М., 
Опарин А.И., одан кейін оны Кретович В.Л., Козьмин Н.П., Трисвятский Р.А. және басқа да 
ғалымдар 
биохимиялық 
академиктер 
салып 
кеткен. 
Астық 
құрамындағы 
микроорганизмдердің тіршілігі, өздігінен қызуы, биохимиялық және физика-химиялық 
қасиеттерін зерттейді. Сонымен қатар Казаков Е.Д., Гинзбург А.С. профессорлардың да 
алатын орындары ерекше.
Астықты жинағаннан кейін оны дұрыс сақтау үшін ең алдымен дұрыс қойма керек. 
Сонымен, сақталатын өнімдердің табиғатына байланысты шығындарды азайту-ол заттарды 
қоршаған ортаның әсерінен дәннің зат алмасуды бәсеңдету керек. Бұл мәселе астықты 
сақтауға дайындаудың әр түрлі әдістерімен тиянақты жағдай жасалу арқылы шешіледі. Бұл 
үшін астыққа арналған қоймалар, элеваторлар, әр түрлі дәнді дақылдардың ерекшеліктеріне 
сай техникалық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Дән 
ылғалдылығын керекті мөлшерге келтіру үшін оны желдетіп, салқындатып отыру керек.
2) Қазақстанның алдыңғы мектептеріндегі өсімдіктерді өңдеудің және сақтаудың 
дамуы және қазіргі жағдайының анализі 
Қазақстанда тың игеруге дейін 70-80 млн фут астық өндірілсе (1млн 200мың тонна). 
1956 жылы Қазақстан мемлекеті өзінің ең алғаш миллиард пуд нанын (16млн тонна), 
астықтың көп мөлшерін қатты сортты дән өсірілді.
Қазақстан Республикасы астық өндіру одан әрі қарай көбейтті, сонымен қатар астықты 
сату дамыды, ол 53...60 процентті құрады. (мысалға Ресейде- 35 процент, Украинада-30, 
Белоруссияда -20). Республиканың бидайдың қатты түрін өндірудегі орны жоғарылай түсті. 
Өз уақытында Ақмола қаласында қазақ филлиалы ВНИИЗ болған. Ғылыми зерттеу және 
жобалау институтының білімді маманынан құралған коллективті жерді жаңа тәсілмен 
өңдеуге, өңдеу технологиясына, жиналғаннан кейінгі тазалау, астықты өңдеу және 
сақтауды қосқан үлестері мол.
Қазіргі қазақтың ғылыми мектептерінде жоғарыда айтылған сала бойынша білім 
берілуде. Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін НПЦ өңдеуінде және тамақ өндірісінде 
(Алматы қаласы), Қазақстанның НИИ Бараев А.И атындағы астық шаруашылығында 
(Шортанды қаласы), Қазақстанның НИИ астық және тамақ өндіру (Астана қаласы), 
сонымен қатар жоғары оқу орындарында (АТУ,ГТУ, Қазақстанның инженерлік – 
технологиялық университеті) оқытылуда.
Қазақстанның ғалымдары төмендегі зерттеулер жүргізуде:
- жоғары сапалы астықты ойлап шығару;
- жердің құнарлығын арттыру;
- жинау жұмыстарының механизациясын жақсарту;
- өңдеу және сақтау орындарындағы жабдықтарды жобалау (систематизация);
- сапаны жақсартуды дамыту.
НПЦ-да өңдеу және тамақ өндірісінде энергия мен рессурсты сақтайтын тәсілді 
анықтау мақсатында түрлі тәжірибе жасауда (академик Налеев О.Н. әріптестерімен бірге); 
комбикорм және кебек (кормосмесей) өңдеу технологиясын дамыту (Алинкулов, 


Қаржаубаев К.Е.).
Орыс ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып (Гортинский В.В., Мачихин Л.И., 
Цециновский Б.И. және т.б.). Алматы және Қызылорда қалаларында күріштің 
ажыратылмайтын бөлігі (курманка) бөлініп алуын ойлап тапты және жүзеге асырды 
(Кониченко А.Н.).
Астық жинау кезінде және жиналғаннан кейінгі өнімде астықтың мөлшерінің 
жоғарылауын болдырмау және оның сапасын сақтап қалу керек. Осы мәселені Қазақстан 
Республикасының академигі Изтаев А.И. өз әріптестерімен бірігіп шешуде өз жұмыстарын 
арнады. Олар ең кейінгі технология астық жиналғаннан кейінгі өңдеу жабдықтары, 
сонымен қоса жақсы тазалауға арналған, кептіруге және сақтау аппараттарын жасады.
Астықтың жоғарғы бөлігін өңдеу кезінде ұн сапасын көтеру ең маңызды сұрақ. 
Астықты элеваторда өңдеу кезінде атмосфераға көптеген шаң-тозаңдар шығады. Ол 
санитарлы-гигиенаның және экологиялық жағдайды нашарлатады. Социалды және 
санитарлы – гигиеналық жағдайды жақсарту мақсатында түрлі шаң шығармайтын 
элеваторлар ойластырылуда.
Астық өндірудегі ғылыми-техникалық жағдайды жақсарту үшін Қазақстан келесі 
сұрақтарды шешуі керек:
Астық жиналғаннан кейінгі өңдеу және тауар сапасын жоғалтпай сақтау үшін алдағы 
технологиялық және техникалық дамуы, Қазақстан ВТО – да ұлттық және халақаралық 
стандарттың талаптарына сай болу; сақтау мерзімінің ғылыми жобасы, речсурстық және 
энергия сақтаудың технологиясының тазалауда кейінгі өндірісінің пайда болуы; астық 
базарындағы мемлекеттік басқарманың экономикалық және ұйымдастырушылық 
құқықтарының жүзеге асуы.
Бәсекеге қабілетті астық өнімін көтеру үшін, экспорттық жағдайды жақсарту үшін 
сапа бағасының қазіргі заманғы бағалауын жақсарту керек, сонымен қатар сақтау және 
астықты өңдеу жөніндегі менеджмент жүйесін ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет