Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Элеваторларда астық қалай қозғалады ?



Pdf көрінісі
бет11/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143
Элеваторларда астық қалай қозғалады ? Астықты элеваторға әр түрлі иеліктегі 
шаруашылықтар тапсырады. Ең әуелі астық зертханаға келеді. Онда бұрғымен нүктелік үлгі 
алынады. Содан кейін қабылдағыш ортаға төгіледі де, транспортер таспасымен 7-ші 
қабатқа көтеріледі. Онда өлшеніп 2-3 қабаттардағы тазартқыш машиналарға транспортер 
таспасымен әкелініп, қоспалардан тазартылады, содан кейін дымқылдылығы жоғары болса 
кептіргіш «Целинный» машинасында кептіріледі. Ол машина элеваторға қабырғалас сырт 
жағында орналасқан. Тазартылған кептіәрілген астық транспортер таспасымен силос 
корпусына құйылады. Әрбір силосқа астықты құю үшін қотарғыш арбасы қолданылады. 
Элеватордың астықты сақтауда маңызы өте зор. Барлық жұмыс механикаландырылған.
жақсы салынған элеватордың қоймалардан артықшылығы; астық массасымен атқарылатын 
жұмыс толығымен және жоғары өнімді механизацияланған, астық массасын сақтаудың 
және сауықтырудың барлық шараларын жүргізу жеңілденген, астықты кеміргіштер мен 
құстардың жоюынан сақтайды, жәндіктермен кенелерге қарсы күрес оңтайлы, астық 
массасы сыртқы әсерлерден /ылғал, ағын су, температуралық ауытқулар т.б./ қорғалған
элеваторларға айтарлықтай көлемде аз алаң қажет, нәтижесінде астық қабылдау немесе 
астық өңдеу мекемелерінің қрылымдарын орналастыруға салыстырмалы түрде азғантай 
ғана территория болса жеткілікті.
Қазіргі кездегі силосты элеваторлардың технологиялық тұрғыдан негізгі кемшілігі – 
дымқыл астықты оларда сақтауға болмайды. Силостарда құрғақ және орташа құрғақ астық 
топтарын ғана сенімді сақтауға болады. Дымқыл және ылғалды дымқыл астық жеңіл 
ңығыздалады, өздігінен қызады, жүйеді және тыңғылықты бақылаудың нәтижесінде 
анықталған кемшіліктерді дереу шара қолданып жоймаса астықтың саны мен сапасына 
үлкен зиян келтіреді. Элеватор силостарына сусымалылығы нашар астық топтарын да 
орналастыруға болмайды.. Сондықтан астық қабылдау кәсіпорындарында ұзақ уақыт 
сақтағанда элеваторлар мен олардың жанында салынған қоймаларды пайдалану 
экономикалық және технологиялық жағынан барынша тиімді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет