Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы


Пациентке глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексеруге үйрету



бет3/8
Дата16.11.2023
өлшемі1,22 Mb.
#124232
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
72423.pptx 2

Пациентке глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексеруге үйрету.
Әрбір диабеті бар науқас қандағы глюкозаны өздігінен анықтай білуі керек. Қандағы қалыпты қант мөлшері 3,3 – 5,5 ммоль/л.
Қандағы глюкозаны анықтау маңызды.
Саусақтан қан алынады. Саусақ ұшын арнайы қазіргі заманғы ланцетпен автоматтандырылған тескіш көмегімен тесіп, тамшы қан алынады. Саусақ ұшының ортасынан емес, жанынан тесудің мәні бар, ауырмайды, онда нерв ұштары азырақ.
Глюкометр жолақшасына қан тамшысы түсумен, есеп құралы қандағы қант деңгейін көрсетеді.
Диабет ауруында ең маңызды құрал глюкометр.
Глюкометр қандағы қант мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Глюкометрді қолдану ережесі:
1.Қолыңызды жылы сабынды сумен жуып,кептіріңіз;
2.Тексеруге құралдарды дайындаңыз (глюкометр,иучка-скарификатор, тест-жолақтары, 70%спирт, мақта шариктері );
3.Тест-жолсғын глюктметрге қосыңыз;
4.Саусақ ұшын спиртті мақтамен өңбеңіз;
5.Саусақ ұшын ручка-скарификатормен тесіңіз;
6.Анализ нəтижесін күтіңіз (15 секундта экранда көрсетіледі);
7.Анализ нəтижесін күнделікке тіркеңіз.
Глюкометрді қолдану жиілігі біліңіз:
  • Қант диабетінің бірінші типінде-күніне 2 рет;
  • Қант диабетінің II типінде –күніне 2 рет;

  • Егер қандағы қант мөлшері қалпына келмей жатса күніне 8 тексеру жүргіху керек (тамаққа дейін,тамақтан 2 сағаттан кейін,тамақтан 5 сағаттан соң, ашқарынға таңертең, кешке, физикалық күш түскенде, ауырғанда).

Анализ нəтіжесінің дұрыс көрсетпеуінің себептері:
  • қанды дұрыс мөлшерде алмау;
  • Тест-жолақтарын дұрыс сақтамау(қараңғы құрғақ жерде сақтау керек);
  • Глюкометр таза сақтамау.

Глюкометр жұмысының дұрыстығын қалай тексереміз?
  • Глюкометрмен тез арада 3 рет өлшеу керек;
  • Глюкозаға клиникада анализ жасатыңыз жəне глюкометрмен 3 рет өлшеңіз;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет