Қант диабеті кезінде жарақаттарды өңдеудің өз ерекшеліктері бар. Табандағы жарақаттарды спирттік ерітінділермен (йод, жасыл дәрі), сондай-ақ марганцовкамен, жемір заттармен және малмалық әсері бар және оттекті өткізбейтін жақпа майлармен (Вишневский жақпа майы) өңдеуге болмайды. Егер олар таза болса, онда сыдырылған жерлерді фурацилин ерітіндісімен; егер жарақат іріңді немесе ластанған болса, онда – сутек асқын тотығымен өңдеуге болады. Диабет кезіндегі мінсіз заттар мирамистин мен хлоргексидин болып табылады. Зақымданған жерді өңдегеннен кейін таза мәрлілік таңғыш байлаған немесе дәріханадан арнаулы таңғыштарды сатып алған жөн – олар жұмсағырақ, ылғалдылық пен стерильділікті жақсы сақтайды. Солкосерил сірнесін пайдалану ұсынылады, ол жарақаттардың жазылуына септігін тигізеді, оттек өткізетін үлдір түзеді. Сондай-ақ ируксол, актовегин жақпа майларын қолдануға болады.
Қант диабетінің алдын алу
Белсенді өмір салты
Кез-келген дене шынықтыру белсенділігі инсулинге деген сезімталдықты жоғарылатып және қандағы қант мөлшерін төмендетеді.
Тиімді тамақтану
Тағам талшықтарына бай тағамдарды-жемістер мен жидектерді,бұршақ тұқымдастарды, әр түрлі жаңғақтар түрлері мен қаймақты пайдалану. Бұндай тағам ішек жұмысын қалыпқа келтіреді, холестерин мөлшерін азайтады, артық салмақтың төмендеуіне әсер етеді, қандағы қант мөлшерін бақылауда ұстайды. Дәнді дақылдар қан қысымын қадағалауға және қант диабетінің белгілерінің пайда болуын тежейді. Нан, макарон және басқа да ұн өнімдерін сатып алар алында қорабында «Тұтас дәндер» деген жазбасы бар өнімдерді алған дұрыс.
Темекі шегуден бас тартыңыз.
Қант диабетінің негізгі себептерінің бірі күйзеліс пен уайым болып табылады.Егер адам өзін темекі шегумен жұбатуға тырысса,бұл жағдайды керісінше қиындатады,ағзаның төзімділігін төмендеп қант диабетінің дамуы үшін қолайлы жағдай тудырады. Егер адам қант диабетімен ауыратын болса, шылым тек ауру үдерісін күшейтіп және ауруды асқындырады (жүрек-қантамырларының аурулары, инфаркт, қан ұюы).
Достарыңызбен бөлісу: |