Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы



бет4/8
Дата16.11.2023
өлшемі1,22 Mb.
#124232
1   2   3   4   5   6   7   8
Инсулинмен емдеу – жетіспейтін инсулиннің мөлшерін сырттан енгізу. Инсулин препаратының әсер ету ұзақтығы байланысты 3 түрі бар: а) қысқа әрекетті инсулиндер – жәй инсулин, суинсулин (шошқа инсулин), актрапид, инсулрап, хоморап т.б. әсер ету ұзақтығы 8 сағат; б) ұзартылған әрекетті инсулиндер – суспензия цинк инсулин аморфты немесе инсулин семиленте, инсулин В, инсулонг, хомофан т.б. - әрекет ұзақтығы – 10-14 сағат;в) ұзақ әрекетті инсулиндер – суспензия цинк инсулин кристалды (ультраленте), ультралонг, ультратартд - әрекет ұзақтығы 24-36 сағат.Инсулинді иық, іш аймағына, жауырынның астына, санның алдыңғы бөлігіне егіледі.
Пациентке инсулинлі шприц- қаламсапты қолдануды үйретеміз:
  • Футлярды ашамыз,қаламсапты аламыз,қақпағын ашамыз;
  • Инесін саламыз;
  • Инсулин араласуы үшін қаламсапты жоғары – төмен қозғаймыз;
  • Инеде ауа қалмас үшін 2 БР дозаға келтіріп жібереміз;
  • Керекті дозаға келтіріп, иыққа немесе іш аймағына (кіндік айналасы), сан аймағына егеміз; Мән береміз: егу барысында бас бармақ және сұқ саусақ көмегімен иньекция орнын қысамыз.
  • Бас бармақ және сұқ саусақты босатып 7- 10секунд күтеміз.
  • Инені алып, қақпағын жауып футлярға саламыз.

Липодистрофия (Lipodystrophia - май алмасуының бұзылуы) - Тері асты май шел қабатының көлемінің азаюы (Липодистрофия атрофиялық түрі) немесе көлемінің ұлғаюы (Липодистрофия гипертрофиялық түрі), жалпы немесе шектелген болып бөлінеді.Липодистрофия инсулинмен емдеудің асқынуы болып табылады.Қант диабетіндегі липодистрофия көбіне инсулинді бір иньекция орнына қайталап салғаннан дамиды.
Липодистрофияның емі:
Атрофияланған иньекция орнына монокомпонентті инсулинді 4-5бр –те егеді.Басқа жағдайда монокомпонентті инсулинді бірдей мөлшерде новокаиннің 0,5% 1-2мл ерітіндісімен араластырып егеді.Сондай –ақ массаж немесе физиотерапия қабылдауға болады.
Алдын алу үшін:
1.Инсулинді тоңазытқыштан алып, бірнеше уақытқа ұстаңыз.
2.Иньекция орнын спиртпен өңдегеннен кейін кебуін күтіңіз.
3.Инсулинді асықпай тері астына егіңіз.
4.Иньекция жасалғаннан кейін иньекция орнына масаж жасаңыз.
5.Иньекция орнын алмастырып отырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет