Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет72/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

139-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау
1. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша өзiне осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай мiндеттердi ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда жас баланың өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
140-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану
Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдiк немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтiру үшiн өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi нұқсан келтiруге әкеп соқса, -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
141-бап. Кәмелетке толмаған баланы Қазақстан Республикасынан тыс жерге заңсыз әкету
1. Кәмелетке толмаған баланы Қазақстан Республикасынан тыс жерге заңсыз әкету -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен, не алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жасалған дәл сол әрекет, -
мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекет, -
мүлкін тәркілеп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет