Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет70/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

133-бап. Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту
1. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру не алдау жолымен кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекеттер:
а) қылмыстық топ;
б) бірнеше рет;
в) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған дәл сол әрекет, -
өмір бойы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
134-бап. Баланы ауыстыру
1. Баланы қасақана ауыстыру -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет, -
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
135-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз қызмет
1. Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылықа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Пайдакүнемдік мақсатта немесе қызмет бабын пайдаланып лауазымды адаммен жасалған сол әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет