Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет71/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

136-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету (қызды)
Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
137-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтару (зайыбын)
Ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам жалтаруы, не сот шешімі бойынша өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын асырауға қаражатты төлеуден үш айдан астам жалтаруы, не сот шешімі бойынша өзінің еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекті қажет ететін жұбайын (зайыбын) асырауға қаражатты төлеуден үш айдан астам қасақана жалтаруы, -
екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
138-бап. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет