142-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, - бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 143-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді әзірлеуге тарту Осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасаған, кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді әзірлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнімдерді таратуға, жарналамауға және сатуға тартуы, - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 3-тарау. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар 144-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу 1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасына сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен немесе өзге кез келген мән-жайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу- үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған дәл сол әрекет, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметтермен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.