Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
202-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру 1. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiру, - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Мынадай: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; б) бiрнеше рет; в) қызмет бабын пайдаланып жасалған дәл сол әрекет, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекет, егер оларды: а) қылмыстық топ жасаса; б) ірі зиян келтірілсе, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 203-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату 1. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Дәл сол әрекет: а) автомобильге, мұнай және мұнай өнiмдерiне немесе iрi мөлшердегi өзге мүлiкке қатысты; б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; в) бiрнеше рет - г) өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiне, сондай-ақ пайдаланылуына толық тыйым салынған жануарларға, не олардың бөлiктерiне қатысты; д) тарих, мәдениет ескерткiштерiне сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарға, құжаттарға қатысты жасалса,- мүлкі тәркіленіп немесе онсыз төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген қылмыстық топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.