Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
241-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау Ұйым басшысының немесе жеке кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банкiндегi шоттарға мiндеттi түрде аударылуға жататын ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден iрi мөлшерде қайтармауы - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мыңға дейiн айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 242-бап. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару 1. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, - бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Дәл сол әрекет: а) бiрнеше рет; б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып жасалса, - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бересiнiң сомасын, есептелген өсiмпұлдарды, айыппұлдар сомасын өз еркiмен төлеген адамның әрекетiнде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 243-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер 1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрiнiс табатын бухгалтерлiк және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттi банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, не жеке кәсiпкер, сол сияқты конкурстық іс жүргізу кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берулген адам жасаса және iрi зиян келтiрсе - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Өзiнiң шын мәнiнде дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, сол сияқты конкурстық iс жүргiзу немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлген адам басқа несие берушiлерге көпе-көрiнеу зиян келтiре отырып, жекелеген несие берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi мөлшерде зиян келтiрген болса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.