Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет114/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

239-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану
1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережесiн бұзу, -
үш жылға дейiнгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында әзiрлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткiзу, -
үш жылға дейiнгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
240-бап. Экономикалық контрабанда
1. Кеден одағының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 291-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу -
мүлкі тәркіленіп екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;
г) аса iрi мөлшерде;
д) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -
мүлкі тәркіленіп төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, не лауазымды тұлға, не жаупаты мемлекеттік қызмет атқаратын адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) қылмыстық топ жасаса, -
мүлкi тәркiленiп үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал, а) тармағында көзделген жағдайларда өмір бойы белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет