Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
244-бап. Әдейi банкроттық Әдейi банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүддесi немесе өзге адамдардың мүддесi үшiн төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы iрi зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 245-бап. Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу 1. Мүлкін немесе мүліктік міндеттемелерін, мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерде не мүлкі туралы өзге ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен айыру немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметті көрсететін бухгалтерлік және өзге де есепке алу құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер осы әрекеттерді (әрекетсіздікті) мәжбүрлеп таратуға, оңалтуға әкеп соқтырған төлем қабілетсіздігіне әкелген борышқор ұйымның басшысы немесе меншік иесі не жеке кәсіпкер жасаса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын, банктi мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабiлетсiздiгiне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктiң iрi қатысушысы-жеке тұлғаның, iрi қатысушысы-заңды тұлғаның бiрiншi басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның тұрақты, уақытша не арнайы өкiлеттiк бойынша басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғаның қасақана iс-әрекетi (әрекетсiздiгi), - бес жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.