Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
266-бап. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндiру немесе дайындау не қаруландыру 1. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндiру немесе дайындау не қаруландыру, - мүлкi тәркiленiп алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасаған дәл сол әрекеттері, - мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 267-бап. Адамды кепiлге алу 1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандай да бiр әрекет жасауға немесе қандай да бiр әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепiлге немесе кепiлдiк ретiнде ұстау, - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; б) бiрнеше рет; в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып; г) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып; д) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; е) айыптыға жүктiлiк жағдайы көрiнеу мәлiм әйелге қатысты; ж) көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты; з) екi немесе одан да көп адамға қатысты; и) пайдакүнемдiкпен немесе жалдау арқылы жасалса, - жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, - он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе өкiметтiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.