Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет139/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

294-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
Атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
295-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрлғыларын күзету жөнiндегi мiндеттемелердi тиiсiнше орындамау
1. Атыс қаруын, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырауға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды не жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды күзету жөнiндегi мiндеттемелердi тиiсiнше орындамау, егер бұл ауыр зардапқа әкеп соқса немесе олардың туындау қаупiне әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
296-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар немесе жарылыс құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жою қаруын, сол сияқты жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды ұрлау не қорқытып алу, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
б) бірнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, не осындай rүш қолданамын деп қорқыту арқылы;
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) қылмыстық топ;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану немесе осындай күш қолданбаумен қорқыту арқылы жасалса, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет