Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет158/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

334-бап. Атмосфераны ластау
1. Экологиялық талаптардың бұзылуы салдарынан атмосфералық ауаның ластануы немесе оның табиғи қасиеттерінің өзге де өзгеруі, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға ірі зиян келтірсе немесе адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі зиян келтіруге не адам өліміне немесе адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
335-бап. Теңiз аясын ластау
1. Экологиялық талаптарды бұзу салдарынан теңіз аясын ластау, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға келтіруге әкеп соқса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі зиян келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
336-бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы
1. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу -
бір жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет