Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
337-бап. Жердi бүлдiру 1. Жердi өндірістік, тұрмыстық немесе өзге де тастандылармен немесе қалдықтармен ластау, сол сияқты улау, ластау иная порча земли немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн, ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтiк немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға ірі зиян келтіруге әкеп соқса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, - екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Қоршаған ортаға аса ірі зиян келтіруге, не адам өлiмiне, не адамдардың жаппай сырқаттануына, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 338-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу 1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жобалау және жүргізу кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн, сол сияқты жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға ірі зиян келтіруге әкеп соқса немесе адам денсаулығына зиян келтірсе, - екі жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Қоршаған ортаға аса ірі зиян келтіруге, не адам өлiмiне, не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол әрекет, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.