Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет161/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

341-бап. Балық қорын қорғау ережелерін бұзу
Көпірлер, бөгеттер құрылысын салу, жарылыс және өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ су жинау ғимараттары мен су айдау тетіктерін балық қорларын қорғау ережелерін бұза отырып пайдалану, егер осы әрекеттер балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін болса, -
екі жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп не онсыз үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
342-бап. Заңсыз аңшылық
1. Жарылғыш құрылғылар немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, соның ішінде қармен жүру техникасын не шағын кемелерді қолдана отырып заңсыз аңшылық жасау -
бір жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекетті:
а) бірнеше рет;
б) едәуір зиян келтіре отырып жасау, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
а) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса;
б) сирек кездесетін немесе жоғалып кету қаупі бар жануарларға қатысты жасалса;
в) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса;
г) ірі зиян келтіре отырып жасалса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
а) қылмыстық топ;
б) аса ірі зиян келтіре отырып жасаса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет