Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет162/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

343-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу
Өндiрiстік процестердi жүзеге асырған және көлiк құралдарын пайдаланған, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолданған кезде жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу, сондай-ақ аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау тәртібін бұзу ірі шығынға әкеп соқса не жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуы немесе қырылуына әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
344-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер
Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн немесе құрып кету қаупi төнген түрлерiн немесе олардың бөліктері мен дериваттарын, сол сияқты пайдаланылуына тыйым салынған өсімдіктердің немесе жануарларды заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты жою немесе олар мекендейтiн жерлердi жою -
мүлкін тәркілеп үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
345-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау
1. Орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау, -
мүлкi тәркiленiп екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Барлық топтардағы ормандарда ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау -
мүлкi тәркiленiп үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
а) бірнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) iрi зиян келтiрiле отырып;
г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топ жасаса, -
мүлікі тәркіленіп екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет