Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет185/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

390-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
1. Азаматтың төлқұжатын, жеке басының куәлiгiн немесе басқа да ресми құжатын заңсыз алып қою -
жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Азаматтың төлқұжатын, жеке басының куәлiгiн немесе оның басқа да ресми құжатын ұрлау -
екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Пайдакүнемдiк мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесiнде ресми құжаттарды, мөртаңбаларды немесе мөрлердi ұрлау, жою, бүлдiру немесе жасыру, -
үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
391-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу
1. Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткiзу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлердi, бланкілерді, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттiк наградаларын дайындау немесе өткізу -
екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол әрекеттер, -
төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Көрiнеу жалған құжатты пайдалану -
үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет