Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
474-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу, - он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 475-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, - он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 476-бап. Алкогольдік масаң күйдегі адамның машиналарды жүргізуі, кемлерді жүргізуі, әскери ұшу аппараттарын басқаруы, алкогольдік масаң күйдегі адамға әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру не жүргізуге немесе басқаруға рұқсат ету 1. Алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әскери, арнаулы немесе көлік машиналарын жүргізуі не әскери кемені жүргізуі не әскери ұшу аппаратын бсқаруы не алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға осындай әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру, сол сияқты алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға лауазымды тұлғаның осындай техниканы жүргізуге немесе басқаруға рұқсат етуі, - екі жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқтырған сол әрекет, - бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырған әрекет, - алты жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған әрекет, -
жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылдан он жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса, -
он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.