Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет216/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

463-бап. Қызметке селқос қарау
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
464-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету
1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкiмiнсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
465-бап. Соғыс жүргiзу құралдарын жауға беру немесе тастап кету
Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса, -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет