Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет63/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

120-бап. Зорлау
1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау, -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Зорлау:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы;
б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
г) бірнеше рет жасалса -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса;
г) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса;
д) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса;
е) қылмыстық топ жасаса, -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет