Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері



бет39/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
155-бап. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері

1. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:


1) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға мынадай:


осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімділігі сақталмаған;


тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен;


осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол мәселе бойынша өзіне қатысты бұрын тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындаған;


егер алдыңғы тексеруде немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауда және қадағалауда бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;


осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпараттар мен құжаттар болмаған;


жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін тексеру тағайындалған;


тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тапсырылған;


осы Кодекстің 147-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы бір актіде тексеруге немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға тартылатын бірнеше бақылау және қадағалау субъектісі көрсетілген;


тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мерзімдері осы Кодексте белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;


осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда, жібермеуге;


2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына, сондай-ақ актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;


3) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;


4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;


5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;


6) өзінің мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қатысуға тартуға құқылы.


2. Бақылау және қадағалау органдары тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген кезде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:


1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;


2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың міндеттеріне және нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;


3) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;


4) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау аяқталған күні алғаны туралы белгі қоюға;


5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;


6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;


7) хабарламаны алған жағдайда, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған мерзімдерде бақылау және қадағалау объектісінің орналасқан жерінде болуға міндетті.


Ескерту. 155-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

156-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығы

1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды осы Кодексте белгіленген тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.


Жарамсыз деп танылған тексеру актісі және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бақылау және қадағалау субъектілерінің бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.


Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың осы тексеру актісінің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.


Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісінің тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.


Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау және қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.


2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылықтарға:


1) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу негіздерінің болмауы;


2) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;


3) хабарламаның болмауы, сол сияқты тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы хабарламаның мерзімдерін сақтамау;


4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;


5) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген мерзімділігін бұзу;


6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;


7) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауы;


8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу;


9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін бұзу;


10) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулердің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар болмаған кезде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу жатады.


Ескерту. 156-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

157-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет