Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелерін ресімдеу тәртібі



бет37/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
152-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелерін ресімдеу тәртібі

1. Тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүргізілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бұзушылықтар болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.


2. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:


1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;


2) бақылау және қадағалау органының атауы;


3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;


4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;


5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жүргізілген күні, орны және кезеңі;


6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;


7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдар және оларды көрсету;


8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;


9) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.


3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнге айқындалады.


Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:


1) бақылау және қадағалау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктердің бар-жоғы;


2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;


3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.


4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.


Бақылау және қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.


Электрондық нысандағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға бақылау және қадағалау субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіндегі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.


Электрондық нысанда қалыптастырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.


Электрондық нысанда қалыптастырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.


5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге құқылы.


6. Бақылау және қадағалау субъектісіне қорытынды (бұзушылықтар болмаған жағдайда) не бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың аяқталу мерзімінен кешіктірілмей анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күн бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.


7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде беруге міндетті.


8. Бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде анықталған, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.


Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органына тиісті ақпарат беруге міндетті.


Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.


Ескерту. 13-тарау 152-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

153-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет