Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау



бет45/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
191-1-бап. Тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау

Шартты бұзу кезінде тұтынушыға шарт жасасу кезінде бұрын көзделмеген немесе болған талаптардан артық талаптар қою, сондай-ақ тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастырмау тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау болып табылады.


Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру тәртібін монополияға қарсы орган айқындайды.


Ескерту. 16-тарауды 191-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУЫ


192-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері

1. Мемлекет мынадай:


1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;


2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;


3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;


4) тиісті тауар нарығында бәсекелестік болмаған не оның даму деңгейі төмен болған;


5) қызметті бұрын құрылған мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.


Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


2. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы:


1) мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік) құру;


2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына тікелей немесе жанама қатысу арқылы жүзеге асырылады.


3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар ұсынып қойған қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқылы емес.


4. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.


Осы Кодексте белгіленген өлшемшарттарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.


Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет.


4-1. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың жүзеге асыратын қызмет түрлерін құруды, кеңейтуді және (немесе) өзгертуді көздейтін құқықтық актілердің жобалары монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісуге жатады.


5. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма бес пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі ескеріле отырып, кейіннен мемлекеттің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) сатыла отырып, жүзеге асырылады.


6. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы шешім қабылдайтын орган монополияға қарсы органға негіздейтін материалдарды ұсына отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша мұндай құру туралы өтінішхат ұсынады.


Өтінішхат келіп түскен кезден бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде монополияға қарсы орган:


1) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құру болжанатын тауар нарықтарын зерттеп-тексеруге:


2) осы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің даму деңгейі туралы, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның және онымен үлестес тұлғаның осы тауар нарығында болу мерзімі туралы қорытынды дайындауға;


3) өтінішхатты ұсынған органға негізделген шешім жіберуге міндетті.


7. Монополияға қарсы орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкелетін болса, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құруға келісім беруден бас тартады.


8. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың жүзеге асыратын қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз құруға, кеңейтуге және (немесе) өзгертуге тыйым салынады және бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.


Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, монополияға қарсы орган бұзушылықтар мен олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарады.


9. Осы баптың 4-тармағы бірінші және екінші бөліктерінің 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.


Ескерту. 192-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет