Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі



бет40/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
157-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

1. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерiлетiн субъект бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодекстің 29-тарауында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға шағым жасауға құқылы.


2. Тексерiлетiн субъект мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың қылмыстық iстi тергеп-тексеруге байланысты шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.


Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-параграф. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылау



Ескерту. 3-параграф алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК
14-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІК
160-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттары

Бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, осы Кодекске сәйкес монополистік қызметті реттеу және шектеу, адал бәсекелестікке жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары болып табылады.


Ескерту. 160-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

161-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу саласындағы қатынастар



1. Осы бөлім нарық субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікке ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. Бұл ретте тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға тұтынушы деп танылады.


2. Осы бөлімнің ережелері, егер Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде нарық субъектісі жасаған әрекеттер нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса:


1) Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі құралдар және (немесе) материалдық емес активтер не нарық субъектілерінің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері), Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүліктік немесе мүліктік емес құқықтар тікелей немесе жанама қозғалса;


2) Қазақстан Республикасында бәсекелестік шектелсе, мұндай әрекеттерге де қолданылады.

162-бап. Бәсекелестік ұғымы

1. Дербес жасаған әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы бәсекелестік деп танылады.


2. Бәсекелестік: жарыспалылық, адалдық, заңдылық, тұтынушылар құқықтарының сақталу бастауларына негізделеді, олар нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.

163-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат

1. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган монополияға қарсы орган болып табылады.


2. Монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.


3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.


4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті экономика салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қолдануға және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамауға міндетті.


Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет